ҚАЗАҚСТАН ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ДУБАЙДАҒЫ ИНВЕСТФОРУМҒА ҚАТЫСАДЫ

Қазақстанның бизнес қоғамдастығының өкілдері ағымдағы жылы сәуірде Дубай қ. өтетін Annual Investment Meeting инвестициялық форумына қатысады. Бұл туралы «Kazakh Invest» Басқарма Төрағасы Сапарбек Тұяқбаев және ҚР-дағы БАӘ Елшісі Мохаммад Ахмад Альджабердің Астанадағы кездесуі барысында белгілі болды.

Дубай қ. сәуір айындағы форум кезінде Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерінің презентациясы жасалып, ҚР-ға инвестиция салуға мүдделі әмірлік компаниялармен бірнеше екі жақты кездесулер өтеді.  

Өз кезегінде, бүгін Астанада «Kazakh Invest» тарапынан алдын ала Біріккен Араб Әмірліктері бизнесмендерінің одан әрі зерделеуі үшін жалпы сомасы шамамен 20 млрд. АҚШ долларын құрайтын 20 негізгі жобалар бойынша инвестициялық ұсыныстар берілді.

Сондай-ақ тараптар кездесуде елдер арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты жандандыру бойынша одан арғы нақты қадамдарды белгіледі, логистика, туристік кластер, АӨК және басқа саладағы бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктері талқыланды.

«Біз АӨК жобаларына, атап айтқанда органикалық өндіріске, сондай-ақ Қазақстанның логистикалық жобаларына инвестиция салуға  дайынбыз», - деп ерекше атап өтті, ҚР-дағы БАӘ елшісі Мохаммад Ахмад Альджабер.

«Al Khaleej Sugar»  компаниясы  Оңтүстік Қазақстан облысының Шардара уданында ірі қант зауыты құрылысы бойынша инвестициялық жобаны іске асыруға қызығушылық білдіруде. Алдын ала есеп бойынша зауыттың құрылысына 375 млн. АҚШ долларын жұмсау жоспарлануда.

Кездесу қорытындылары бойынша «Kazakh Invest» Басқарма Төрағасы Сапарбек Тұяқбаев және ҚР-дағы БАӘ Елшісі Мохаммад Ахмад Альджабер  үкіметаралық деңгейде инвестициялар туралы келісім жасасу мүмкіндігін қарастыруға дайын екендігін айтты.

Сонымен қатар, қысқа мерзімде бірлескен Жол инвестициялық картасын әзірлеу және тұрақты негізде кездесулер өткізу туралы шешім қабылданды. Сөйтіп, келесі бірлескен іс-шараны өткізу ақпанның соңына жоспарланды.

Анықтама: Қазақстанда БАӘ-мен шамамен 200 бірлескен кәсіпорындар әрекет етеді. Әмірлік компанияларының жұмыс жасайтын негізгі салалары агроөнеркәсіп кешені, мұнай қайта өңдеу және мұнай-газ секторын дамыту, химиялық өнеркәсіп және құрылыс болып табылады.  Біріккен Араб Әмірліктері инвестицияларды тарту үшін басым елдер тізіміне кіреді. БАӘ  ҚР-дағы ел (ТШИ) активтері бойынша 13-ші орынды, ҚР-да капиталы бар кәсіпорындар саны бойынша 23-ші орынды және тауарайналымы бойынша 25-ші орынды алады. 

Қайнар көзі: mid.gov.kz

Желілерде бөлісу:

  • 5399