БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ

 Отырыс барысында шетел инвесторларының Қазақстандағы бизнес үдерістерді, соның ішінде телекоммуникациялар және сақтандыру индустриясы секторларындағы үдерістерді қайта реттеуге қатысу мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы өзінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында Үкіметке осы жылдың 1 шілдесіне қарай дамыған елдердің үздік стандарттары мен тәжірибелерін енгізу арқылы бизнесті қайта реттеудің жүйелік шараларын әзірлеуді тапсырды. Осыған орай Кеңес мүшелері аталған үдеріске шағын жəне орта халықаралық компаниялардың өкілдерін тарту жөніндегі өз ұсыныстарын білдіріп, сондай-ақ, бизнес бәсекелестігіне кедергі келтіретін нормаларды анықтау мен барлық шығындарын төмендету тұрғысынан заңнаманы тексеру мәселелерін қарады.

Қайнар көзі: primeminister.kz


Желілерде бөлісу:

  • 4913