БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВ ҚАЗАҚСТАН-БЕЛАРУСЬ БИЗНЕС-ФОРУМЫНДА СӨЗ СӨЙЛЕДІ

Форум аясында инвестициялық ахуалды жақсартуға қатысты мәселелер қаралды. Бақытжан Сағынтаев сөз сөйлеу барысында ҚР Үкіметінің бизнесті жүргізудің әкімшілік кедергілерін төмендету бойынша жасап жатқан жұмыстары туралы, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың жұмысы мен Кazakh Invest және Kazakh Export компанияларының қызметі жайында, сондай-ақ бизнесті дамытуға бағытталған бірқатар мемлекеттік бағдарламалар туралы айтып өтті.

Форум барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтудің негізгі бағыттары аталып өтті, олардың ішінде сауда көлемін ұлғайту, инвестициялық ынтымақтастық және көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту шаралары бар. 

Бизнес ахуалды жақсарту мақсатында 2018 жылдан бастап Астана қаласында «Астана» Халықаралық қаржы орталығы жұмыс істей бастайды. Сонымен қатар, ЭКСПО-2017 көрмесі нысандарының бірінің негізінде ІТ-стартаптардың Халықаралық технопаркі ашылатын болады.

Сондай-ақ, шара барысында Беларусь Республикасының Премьер-Министрі Андрей Кобяков, Беларусь Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Владимир Улахович сөз сөйледі. 

Бақытжан Сағынтаев пен Андрей Кобяков форум алаңында машина жасау, мұнай химиясы, көлік, ауыл шаруашылығы, жеңіл өнеркәсіп, медицина, фармацевтика, АТ салалары, сонымен қатар азық-түлік өнімдері мен құрылыс материалдары ұсынылған «Made in Belarus» көрмесін бірге аралап көрді. 

 

Қайнар көзі: primeminister.kz

Желілерде бөлісу:

  • 4981