БИЫЛ МАҢҒЫСТАУДА 2 АСФАЛЬТ-БЕТОН ЗАУЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Облыс әкімі Ералы Тоғжановтың Бейнеу ауданындағы жұмыс сапары Сам, Бейнеу және Ақжігіт ауылдарында жалғасты.

«Сам мектеп-балабақша кешені» КММ-де 112 оқушы, 30 педагог бар. Материалдық – техникалық базасы 60 орындық АКТ залы, спорт зал, медициналық кабинет, спорт алаңы, компьютер кабинеті, лингафон кабинеті, кітапхана ( қоры – 12900 кітап), 18 орындық асхана мен технология кабинетінен тұрады.  Облыс әкімі білім саласындағы өзгерістерді талқылай келе, үш тілде білім беру жүйесіне көшуді тапсырды.

Аймақ басшысы Сам ауылының тұрғындарымен кездесу барысында Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауы мен тапсырмаларын түсіндірді.

Ауылға 4 су көлігі 500 теңгеден ауыз су жеткізіп отыр. Биыл Маңғыстау облысы бойынша сандық телевидение әр аудан мен ауылға енгізіледі. Жиында ауылдарды дамытудың жаңа мүмкіндіктері қарастырылып, шаруашылыққа аса мән берілу керектігі айтылды.

«Негізгі байлық – халық пен жер. Одан асқан байлық жоқ. Болашағы бар таусылмас қазына жерден келеді. Ол – мал және егін шаруашылықтары. Бүгінгі таңда біз осы бағыттарға басымдық беріп отырмыз. Ауыл шаруашылығын дамыту үшін бірқатар жоба қолға алынуда», - деді Ералы Тоғжанов.

Облыс әкімі «Бейнеу – Ақжігіт - Өзбекстан Республикасы шекарасы» автомобиль жолын қайта жаңғырту жұмысының барысымен танысты. Ақжігіт ауылында қуаттылығы сағатына 120 тонна асфальт дайындайтын асфальт-бетон зауыты орнатылып, пайдалануға дайын.Көкбекті бекетіндегі қуаттылығы сағатына 175 тонна асфальт дайындайтын асфальт-бетон зауытын құрастыру жұмыстары аяқталып, газ құбырына қосу жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, биыл Құрық портына шығатын 85 км Тажен-Бейнеу, 64 км  Құрық-Жетібай,  164 км Жаңаөзен – Кендірлі – Түркіменстан жолдарының құрылыс және жөндеу жұмыстары қолға алынады. 22 км Форт-Құрық, 73 км Жетібай-Жаңаөзен жолдары басталып кетті.

«Жаңаөзен – Кендірлі – Түркіменстан шекарасына дейін 164 шақырым. Ол жобаға толығымен ақша бөлінген. Орташа жөндеу жұмыстарын жүргіземіз. 2020 жылы жұмыс толық аяқталып, пайдалануға беріледі», - деді «КазАвтоЖол» ҰК АҚ Маңғыстау облыстық филиалының директоры Ербол Омаров.

Ералы Тоғжановаудан халқына 1973 жылдан қызмет көрсетіп келе жатқан Бейнеу орталық аудандық ауруханасының жұмысымен танысты.  Аурухана құрамында 30 төсектік күндізгі стационарымен емхана, 5 төсектік күндізгі стационарымен 2 дәрігерлік амбулатория (Сарға, Ақжігіт), 4 фельдшерлік-акушерлік пункт (Толеп, Тұрыш, Сыңғырлау, Есет), 3 медициналық пункт (Сам, Ноғайты, Тажен) бар. 10 төсектік күндізгі стационарымен туберкулез диспансері, жедел-жәрдем бөлімі жұмыс істейді.

Сондай-ақ, өңір басшысы «Гемодиалез» кабинетін аралап, дәрігерлермен кездесті. Халыққа медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту мақсатында құны 48,8 млн. теңге тұратын 2 хронодиализ, 1 жеделдиализ, 3 дана «Гемодиализ» аппаратымен жабдықталды. Қазіргі таңда Бейнеу ауданы бойынша бүйрек жетіспеушілігімен 14 науқас есепте тұр. Оның ішінде 8 науқасқа көмек көрсетілуде.  

Қайнар көзі: mangystau.gov.kz

Желілерде бөлісу:

  • 5270