ЕЛБАСЫ ҚҰРЫҚ ПОРТЫНДАҒЫ МУЛЬТИМОДАЛЬДЫҚ КӨЛІК ХАБЫМЕН ТАНЫСТЫ

рус/eng

Маңғыстау облысында Мемлекет басшысының қатысуымен Құрық портындағы мультимодальдық көлік хабының таныстырылымы өтті.

Соңғы он жылда Еуразиялық көлік дәлізін дамыту мақсатында көлік-логистикалық саласына 30 млрд. доллар шамасында инвестиция құйылды. Жаңа инфрақұрылым жасақтау құрылысы мен жаңғырту жұмыстары және IТ-инфрақұрылым жасалуда.

«Бүгін іске қосылған Құрық портының автожол инфрақұрылымы көлік транзитін дамыту үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Құрық арқылы өтетін Транскаспий бағыты Қытайдан, Орталық Азия елдері – Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, сондай-ақ Ресейдің Орал-Сібір өңірлерінен Түркия мен Еуропаға және кері қарай жүк тасымалдаудың тиімді логистикасын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, 2020 жылға қарай Қазақстанның транзиттік тасымалдан түсетін кірісін жылына 5 миллиард долларға арттыруға мүмкіндік береді. Бүгінде Маңғыстау облысы әуе, автомобиль жолдары, темір жол және теңіз көліктері желісі тоғысқан ірі көлік-логистика орталығына айналып отыр. Каспийдегі екі заманауи порт өзара бірін-бірі толықтыратын болады. Бұл өңір үшін жаңа мүмкіндіктер береді. Қызмет көрсету секторын ілгерілетіп, трансұлттық компанияларды тарту керек, сондай-ақ жаңа технологияларды пайдалана отырып, қайта өңдейтін өндірісті дамытқан жөн. Бұлардың бәрі туристік индустрияны дамытуға жол ашады. Бұл аймақ экономикасын диверсификациялау үшін аса маңызды. Бізге осы мүмкіндіктерді тиімді пайдалану керек», – деді Мемлекет басшысы.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Алпысбаев Мемлекет басшысына «Нұрлы жол» бағдарламасы аясындағы Құрық порты паром кешені құрылысын жүзеге асыру барысы туралы баяндады.

Құрық порты халықаралық көлік дәлізіне қосылды. Порт айдынынатеміржол мен автожолмагистральдарыкеліпкіреді. Теміржол паромы мен автокөлік кешеніжылына 7 миллион тоннаданастам жүкті қабылдап, өткізеді. Порттың кедендік қызметі мен қызмет көрсету инфрақұрылымы көлік құралдарын 30-40 минутта өңдей алады. Құрық портындағы маңызды нысандар терминальдық қоймалық инфрақұрылымды дамытады.

Салтанатты шараға Өзбекстан Премьер–Министрінің біріншіорынбасарыАчилбайРаматов, «COSCO» компаниясының басқарушы директорының орынбасарыСуйтЦзюн, «Әзербайжан теміржолы» ЖАҚ басшысыДжавидГурбанов қатысты.

Елбасы Үкіметке облыс әкімдігімен бірлесіп, мультимодальды хабтардың – Ақтау және Құрық порттарының базасында қосымша өндірістер мен қызметкөрсету секторын дамыту жөніндегі кешенді жоспар әзірлеуді тапсырды.

«Жергілікті атқарушы органдар индустриялық және сервистік өндірістерді жаңа жағдайларға бейімдеу үшін қажетті шараларды қабылдауы керек. Сонымен қатар жаңа жұмыс орындарын ашып, кадрларды жаңа мамандықтар бойынша оқытуға және қайта даярлауға, сондай-ақ өңірде шағын және орта бизнесті дамытуға жағдай жасау қажет», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы телекөпір режімінде «Құрық порты – «Тажен» шекаралық кеден бекеті», «Құрық порты – «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағындағы құрғақ порты» мультимодальды бағыттар бойынша қатынайтын автомобиль және темір жолдарын іске қосты.

Қазіргі таңда Қазақстанның Каспий теңізіндегі логистикалық тізбегі жылына 26 миллион тонна жүкті өткізе алады. Серіктес елдер өздерінің әлеуетін ұлғайтып, нысандарын жаңғыртуда. 

Қайнар көзі: mangystau.gov.kz

Желілерде бөлісу:

  • 5613