Қазақстан – Ресей бизнес-форумы Қазақстанның астанасында өтті

 

4 қазан күні Астанада Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының өңіраралық XIII форумы аясында «Еуразиялық кеңістіктегі көлік-логистикалық әлеуетті дамыту» тақырыбында екі елдің ресми тұлғаларының және іскерлік орталарының қатысуымен қазақстандық-ресейлік бизнес-форум өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин және 1300-ден астам мемлекеттік органдардан, квазимемлекеттік және Қазақстан мен Ресейдің ірі жеке компаниялардан өкілдері қатысты.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ресейліктердің қатысуымен 6453 компания сәтті жұмыс істеп жатыр. Олардың қатарында экономика, мұнай мен газ өндіру, өңдеу өнеркәсібі, көлік, байланыс, машина жасау, ғарыштық саладағы ынтымақтастық, атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану сияқты салалар бар.

Форумда ҚР «Атамекен» ҰКП өкілдері, Ресейдің өнеркәсіп және кәсіпкерлер одағының, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің, «Металлоинвест» БК» АҚБ, ҚР Ұлттық экономика министрлігі, «KAZNEXINVEST» АҚ, «Ресейлік экспорт орталығы» АҚ, «Еурохим» МХК» АҚ, «Еуропалық подшипник компаниясы» АҚ, «ПИТ» автономды кластерлік қоры, «Интерскол» АҚ және тағы басқа да компания өкілдері сөз сөйледі.

Форум қорытындысы бойынша жалпы сомасы 3 млрд. АҚШ доллары болатын 56 екіжақты құжатқа қол қойылды. Атап айтқанда:

  • ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, Жамбыл облысы әкімдігі және  «Еурохим» МХК компаниясы арасындағы Жамбыл облысының Қаратау фосфорит бассейні кешенін өңдеу және минералды тыңайтқыштар шығаратын зауыт құрылысы жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
  • Ақмола облысы әкімдігі және «Еуропа подшипник корпорациясы» ААҚ арасындағы Ақмола облысында индустриалды подшипниктер өндірісі туралы меморандум; «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ және «COALCO Development» компаниясы арасында Мәскеу облысындағы «Орталық құрғақ порт» АҚБ бірлескен кәсіпорнына үлестік қатысуды иемдену туралы келісім;
  • Еуразиялы Даму Банкі мен «Руская медная компания» ЖАҚ арасында Қазақстандағы Құндызды кенішінде мыс пен мыс-мырыш өндіру кенішінің ашық құрылысы жүргізу ниеті мен ішкі және сыртқы инфрақұрылым құрылысы туралы Келісім;
  • « Қарағанды фармацевтика кешені» ЖШС және «БИОКАД» ЖАҚ арасындағы дәрілік заттар өндірісінің толық циклінің технологиялық трансфері туралы Келісім;
  • Алматы облысындағы майлау материалдарын өндіру бойынша «KAZNEX INVEST» АҚ мен «Лукойл Лубрикантс» арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандум;
  • «KAZNEX INVEST» АҚ, «Тараз химиялық паркі» АЭА және «ТехноНИКОЛЬ» компаниясы арасындағы «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағы аумағында тас мақтадан минералды мақта оқшаулағышын шығаратын зауыт салу жөнінде өзара түсіністік туралы меморандум; 
  • Қазақстан Республикасында автобус техникаларын құрау өндірісін дамыту туралы «СемАЗ» ЖШС мен «Руские автобусы – ГАЗ тобы» АҚБ арасындағы дизелді және газды жанар-жағар май қозғалтқышты ЛИАЗ 5292 класты үлкен қалалық автобусты құрау өнеркәсібі жөніндегі Меморандум;
  • Ресей Федерациясында, Қазақстан және Беларусь Республикаларында электроинструмент өндірісін дамытуды қаржыландыру туралы Еуразиялық Даму Банкі мен «ИНТЕРСКОЛ» АҚ арасындағы ниеттілік жөніндегі Меморандум;
  • «АТП» автономды кластерлікқоры, Астана әкімдігі және«Сколково» технопаркі арасындағы «Smart Astana» жобасын жүзеге асыру,  Астана қаласы аумағында жаңа энергетика және интеллектуалды логистиканы дамыту, сондай-ақ, жалпы инновациялық инфрақұрылымды құру жөніндегі ынтымақтастық туралы Келісім;
  • «Ақпараттық технологиялар паркі» АКҚ және «Новосібір Академ қалашығының Технопаркі» ААҚ арасындағы технологиялық платформаларды дамыту жөніндегі ынтымақтастығы туралы меморандумы
  • «ITS company» ЖШС және азық ақуызын алу, карбон қышқылдары, биологиялық активті компоненттер мен сорбитол алумен бидайды терең өңдеу зауытының құрылысы жөніндегі «Поликомплекс» ЖШҚ арасындағы ниеттестік жөніндегі келісім
  • Және тағы да басқалары.

Ресей мен Қазақстанның өңіраралық ынтымақтастық форумдары 2003 жылдан бастап өткізілуде. Алдыңғы форум 2015 жылы Сочи қаласында «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ынтымақтастық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбында өткен болатын.

Ресей дәстүр бойынша Қазақстанның ең ірі сауда әріптесі болып табылады. Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 2015 жылдың қорытындысы бойынша 14,57 млрд. АҚШ долларын құрады, оның ішінде экспорт – 4,34 млрд. АҚШ доллары, импорт – 10,23 млрд. АҚШ доллары. 

Қайнар көз: kaznexinvest.kz  

Желілерде бөлісу:

  • 11963