ҚҰРМЕТТІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ АРДАГЕРЛЕРІ МЕН САРБАЗДАРЫ!

Сіздерді Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Биылғы жылы Отан қорғаушылар күнін атап өту айрықша мәнге ие болып отыр.

Ширек ғасыр ішінде Қазақстанның Қарулы күштері Мемлекет Басшысы – Бас Қолбасшы Н.Ә.Назарбаевтың жетекшілігімен мемлекеттегі тұрақтылық пен азаматтардың тыныштығына кепіл болатын, кәсібилігі мен жауынгерлік қабілет деңгейін уақыт талабына сай өсірген сенімді қамалға айналды.  

Қазіргі таңда қарулы күштер қатарында қызмет ету әрбір қазақстандықтың құрметті де мәртебелі міндеті саналады.

Қасиетті Отанды қорғау, еліміздегі ұлттық қауіпсіздік пен бейбітшіліксүйгіш халқымыздың бақуатты тірлігіне мызғымас тірек болу, мемлекетіміздің халықаралық биік мәртебесін таныту - бүгін мен болашақтағы баршамыздың бұлжымас борышымыз.  

Бұл күн Ұлы Отан соғысындақаһармандықтың ерен үлгісін көрсеткен аталардың тарихына тағзым етіп, даңқты жолын жалғастырушы бүгінгі Отан қорғаушылардың сабақтастығынан тағылым алар үрдістің жаңғыруы күні.

Бейбіт заманда тәуелсіздік тұғырын нығайту үшін ерлікке барабар іс тындырып, азаттық жолында сан ғасыр арпалысып өткен ата-бабаларымыздың аманатына адал болу, еліміздегі бейбіт өмірді сақтап, әскери күш-қуатын еселеу, жауынгерлік тапсырмаларды мүлтіксіз орындап, мемлекетіміздің қорғаныс қабілетін тоқтаусыз күшейтуіміз қажет.  

Қадірменді жерлестер!

Сіздерге шын пейілмен зор денсаулық, бақытты өмір, әрбір отбасына бақ-береке мен молшылық тілеймін! Ашық аспан астында егемен еліміздің жарқын болашағын құруға еселі еңбегімізбен, игілікті ісімізбен үлес қосуға атсалысайық!

Игі тілекпен, Маңғыстау облысының әкімі Е.Тоғжанов 

Желілерде бөлісу:

  • 4714