Бейжіңде (ҚХР) Транскаспийлік халықаралық көлік маршрутын (ТХКМ) дамыту бойынша Халықаралық конгференциясы өтті. Онда Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Бірінші вице-министрі Роман Скляр «Бір белдеу, бір жол» бастамасын іске асырудағы Шығыс-Батыс Транскаспийлік сауда-транзиттік дәлізінің рөлі» тақырыбында сөз сөйледі.
Сондай-ақ Конференцияда Әзірбайжан, Грузия, Түркия өкілдері және ҚХР Сауда министрлігінің өкілдері баяндама жасады.
Конференцияның мақсаты Транскаспий дәлізінің перспективалары мен мүмкіндіктерін талқылау. Конференция барысында интеграцияланған аймақтық транзиттік-логистикалық инфрақұрылымның мәселелері, сондай-ақ бағыт бойындағы елдермен бірлескен шешімдерді талап ететін мәселелер көтерілді.
Бұл сұхбат алаңы еуразиялық континент елдерінің мүдделерін жақындатуға және достық қатынастарды одан әрі нығайтуға, сондай-ақ мультимодальды тасымалды дамыту үшін өзара тиімді ынтымақтастықты қалыптастырудың оңтайлы жолдарын іздестіруге ықпал етеді.
Қайнар көзі: mid.gov.kz