Ағымдағы жылғы 26 қарашасында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Б.Т. Орынбасаров Bekbol Orynbassarov жетекшілік еткен Маңғыстау облысы делегациясының Шымкент қаласына сапары бағдарламасына "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағымен қатар, индустриялық аймақтарға бару жоспарланған болатын. "Тассай" индустриялық аймағының аумағында "Shymkent" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының өкілдері "Тассай" және "Оңтүстік" индустриялық аймақтарының қызметімен және жобалармен таныстырып, делегация индустриялық аймақтың аумағында орналасқан кәсіпорындарға, оның ішінде "Alageum Electric" электротехникалық құрылғысының жетекші қазақстандық өндірушісі құрамына кіретін Орталық Азиядағы ірі трансформаторлық жабдық өндіретін "Asia Trafo" ЖШС зауытына барды.
Маңғыстау облысы делегациясының құрамына "Ақтау Теңіз порты" АҚ және "Каспий" ӘКК" АҚ бірінші басшыларының орынбасарлары кірген.
Қайнар көзі: "Ақтау теңіз порты"АЭА" АҚ баспасөз қызметі