МАҢҒЫСТАУДА 111 ЖЕР УЧАСКЕСІ МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

рус/eng

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам жолдауында(35-36қадам)пайдаланылмай жатқан жерді мемлекет меншігіне қайтаруды тапсырған болатын.

Елбасы тапсырмасына сәйкес, Маңғыстау облысының әкімдігі жүйелі түрде жұмыс жүргізуде. Кезекті жиын барысында облыс әкімі Ералы Тоғжанов: «Кезінде кей жерлер жекеменшікке өтіп кеткені белгілі. Оларды мемлекеттіңменшігіне қайтаруымыз керек. Оның ішінде Ақтау қаласындағы теңіз жағалауы да бар. Жағалауда жасалып жатқан жұмыстың барлығы тек қана халық үшін болуы керек», деген болатын. 

Маңғыстау облысында 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап бүгінгі күнге дейін аудандық және қалалық әкімдіктердің мәліметтері негізінде, жер учаскесінің пайдалану мерзімінің  өтуіне байланысты қайтарылған және пайдаланылмаған 452 жер учаскесіанықталып, оның жалпы көлемі 26413,87 гектарды құрады.

Сонымен бірге, көрсетілген мерзімде көлемі 20700,919 га құрайтын 111 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылған. 

Бүгінгі таңда игерілмеген жерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары қарқынды жүріп жатыр және бұл облыс әкімі Ералы Тоғжановтың жіті бақылауында.

Игерілмеген жерлер бойынша

2017 жылы игерілмеген жер учаскелерін аудан, қала бойынша алғанда,

Ақтау қаласы бойынша көлемі 405,541 га болатын 191 учаскенің - 230,609 га 163 учаскесі кәсіпкерлік мақсатта және көлемі 174,932 га 28 учаскесі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерден анықталған.

Жаңаөзен қаласы бойынша көлемі 6,4533 га 13 учаске кәсіпкерлік мақсатта, ал ауыл шаруашылығы мақсатында игерілмеген жер учаскесі анықталмаған.

Мәлімет үшін: Бейнеу ауданында кәсіпкерлік мақсатында игерілмеген жер учаскесі тіркелмеген, ал ауыл шаруашылығы мақсатында 7250,0 га 6 учаске тіркелген.

Мұнайлы ауданындағы  көлемі 3856,763 га 89 учаскенің – 18,775 га  38 учаскесі кәсіпкерлік мақсатта және 3837,99 га 51 учаскесі ауыл шаруашылық мақсатта

Түпқараған ауданында62,5854 га 59 учаске кәсіпкерлік мақсатындағы жерлер, ал ауыл шаруашылығы мақсатында игерілмеген жер учаскесі анықталмаған.

Маңғыстау ауданындағы көлемі 5685,636 га 11 учаскенің – 0,636 га 6 учаске кәсіпкерлік мақсатта және 5685,0 га 5 учаскесі ауыл шаруашылығы мақсатында.

Қарақия ауданындағы көлемі 1468,5 га 12 учаскенің – 825,5 га 8 учаске кәсіпкерлік мақсатта және 643,0 га 4 учаскесі ауыл шаруашылығы мақсатында.

2018 жылы игерілмеген жер учаскелерін аудан, қала бойынша алғанда,

Ақтау қаласы бойынша көлемі 79,0202 га 8 учаскенің – 61,3648 га 6 учаске кәсіпкерлік мақсатта және 17,6554 га 2 учаскесі ауыл шаруашылығы мақсатында

Жаңаөзен қаласы бойынша көлемі 0,0501 га 2 учаске кәсіпкерлік мақсатта, ал ауыл шаруашылығы мақсатында игерілмеген жер учаскесі анықталмаған.

Мәлімет үшін: Бейнеу ауданында кәсіпкерлік мақсатында игерілмеген жер учаскесі тіркелмеген, ал ауыл шаруашылығы мақсатында 7000,0 га 5 учаске тіркелген.

Мұнайлы ауданындағы  көлемі 585,1857 га 35 учаскенің – 22,6157 га  31 учаске кәсіпкерлік мақсатта және көлемі 562,57 га 4 учаскесі ауыл шаруашылығы мақсатында

Түпқараған ауданында көлемі 8,14 га 19 учаске кәсіпкерлік мақсатындағы жерлер, ал ауыл шаруашылығы мақсатында игерілмеген жер учаскесі анықталмаған.

Маңғыстау ауданында көлемі 6,0 га 2 учаске кәсіпкерлік мақсатындағы жерлер, ал ауыл шаруашылығы мақсатында игерілмеген жер учаскесі анықталмаған.

Қарақия ауданындағы көлемі 1618,9 га 16 учаскенің – 924,9 га 9 учаске кәсіпкерлік мақсатта және 694,0 га 7 учаскесі ауыл шаруашылығы мақсатында.

Қайтарылған жерлер бойынша мәлімет

2017 жыл бойынша көлемі 13037,7га болатын 89 жер учаскесі және  2018 жыл бойынша көлемі 7663,219 га болатын 22 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.

2017 жылы қайтарылған жер учаскелерін аудан, қала бойынша алсақ:

Ақтау қаласы бойынша көлемі 5,2028 га болатын 8 учаскесі кәсіпкерлік мақсатта, ал ауыл шаруашылығы мақсатында жер учаскесі қайтарылмаған.

 Жаңаөзен қаласы бойынша қайтарылған көлемі 6,4533 га болатын 13 учаске кәсіпкерлік мақсатта, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер қайтарылмаған.

Мәлімет үшін: Бейнеу ауданында кәсіпкерлік мақсатында жер учаскесі қайтарылған тіркелмеген, ал ауыл шаруашылығы мақсатында 7250,0 га 6 учаске қайтарылған.

Мұнайлы ауданындағы көлемі 29,055 га болатын 42 учаске кәсіпкерлік мақсатта, ал ауыл шаруашылығы мақсатында жер учаскесі қайтарылмаған.

Түпқараған ауданында көлемі 40,3379 га 4 учаске кәсіпкерлік мақсатындағы жерлер, ал ауыл шаруашылығы мақсатында жер учаскесі қайтарылмаған.

Маңғыстау ауданындағы көлемі 5685,636 га 11 учаскенің – 0,636 га 6 учаске кәсіпкерлік мақсатта және 5685,0 га 5 учаскесі ауыл шаруашылығы мақсатында.

Қарақия ауданында кәсіпкерлік мақсатта көлемі 21,0 га болатын 3 учаскесі қайтарылған, ал ауыл шаруашылығы мақсатында жер учаскесі қайтарылмаған.

2018 жылы қайтарылған жер учаскелерін аудан, қала бойынша алғанда,

Ақтау қаласы бойынша көлемі 79,0202 га 8 учаскенің – 61,3648 га болатын  6 учаске кәсіпкерлік мақсатта және 17,6554 га 2 учаскесі ауыл шаруашылығы мақсатында

Жаңаөзен қаласы бойынша қайтарылған көлемі 0,0501га болатын 2 учаске кәсіпкерлік мақсатта, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер қайтарылмаған.

Мәлімет үшін: Бейнеу ауданында кәсіпкерлік мақсатында жер учаскесі қайтарылмаған, ал ауыл шаруашылығы мақсатында көлемі 7000,0 га болатын 5 учаске қайтарылған.

Мұнайлы ауданындағы  көлемі 562,9489 га 5 учаскенің – 0,3789 га болатын  1 учаске кәсіпкерлік мақсатта және көлемі 562,57 га болатын 4 учаске ауыл шаруашылығы мақсатында

Түпқараған ауданында қайтарылған көлемі 15,25 га 2 ауыл шаруашылығы мақсатындағы  жер учаскесі.

Маңғыстау ауданынан қайтарылған көлемі 6,0 га болатын 2 учаске кәсіпкерлік мақсатындағы жерлер.

Қарақия ауданынан қайтарылған көлемі 21,0 га болатын 3 жер учаскесі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер. 

Қайнар көзі: mangystau.gov.kz 

Желілерде бөлісу:

  • 5454