МАҢҒЫСТАУДА ЖЕЛ ЭЛЕКТРСТАНЦИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

рус 

Бүгін Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласының маңында салынатын жел электрстанциясының алғашқы кірпіші қаланды.

Бұдан бұрын, ағымдағы жылдың шілдесінде Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов,  «South Wind Power» ЖШС-і оның атынан  бас директоры  С.Парцикян және  «Horgos Jiuhe SilkBridge New Energy Co.,Ltd компаниясы, оның атынан Huang Cheng басшысы арасында жел электр станциясы жобасыніске асыру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын.

Жел электр станциясының қуаты 42 МВт, 375 гектар жерді алып жатқан жоба Түпқараған ауданынан салынады. Инвесторлар қуаты 2,5 кВт құрайтын 17 жел генераторын орнатуды, құрылыс кезеңінде 70 адамды жұмыспен қамтуды жоспарлауда. 

Жел турбиналары үшін жабдықтарын, тасымалдаушы зымыран жабдықтары мен шығыс материалдарын қоса алғанда инвестицияның жалпы сомасы 50 290 700 АҚШ долларын құрайды.

Жел электр станциясының құрылысы «Жасыл экономикаға» көшу, экологиялық таза инвестициялық технологияларды еңгізу мәселелерін қамтиды. Сондай-ақ, бұл жоба өңірдің  электр энергиясына деген қажеттілігінөтеуге көмектеседі. Жобаның аяқталуы 2019 жылдың мамыр айына жоспарланып отыр.

Қазіргі уақытта жоба жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарына енгізілді. Есеп айырысу және қаржы орталығымен сатып алу туралы шартқа қол қойылған. 

Қайнар көзі: mangystau.gov.kz

Желілерде бөлісу:

  • 6558