ЖАҢАӨЗЕНДЕ СОРҒЫ-КОМПРЕССОРЛЫҚ ҚҰБЫРЛАР ЖӘНЕ СОРҒЫ ШТАНГАЛАРЫН ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ АШЫЛАДЫ

Жаңаөзенде сорғы-компрессорлық құбырлар және сорғы штангаларын шығаратын зауыт ашылады

Маңғыстауда "KazPetroDrilling" АҚ компаниясының 17 млрд теңгеден астам инвестиция бөлуімен сорғы-компрессорлық құбырлар мен сорғы штангаларын шығаратын зауыт ашылады. Жаңаөзен қаласында бой көтеретін өндірісті 2024 жылдың соңына дейін іске қосу жоспарланған. Бұл жоба Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Жұмабай Қарағаев пен "KazPetroDrilling" АҚ вице-президенті Қайырбек Елеусінов қол қойған меморандум аясында жүзеге асырылатын болады, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Зауыттың өндірістік қуаты жылына 51 мың тонна сорғы-компрессорлық құбырлар мен 540 мың сорғы штангаларын шығаруға жететін болады. Жобаның құрылыс кезінде 150-ден астам жұмыс орны және пайдалануға берілгеннен кейін 330 жұмыс орны құрылады.

"KazPetroDrilling" АҚ вице-президенті Қайырбек Елеусінов бұл жобаның маңыздылығын, оны іске асыру импорт алмасу және өңірлік кадрларды дамыту сияқты маңызды мәселелерді шешуге көмектесетінін атап өтті.

Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдары рұқсат етілген заң шеңбері аясында "KazPetroDrilling" АҚ-на қолдау көрсетуге дайын.

- Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, экономиканың өсуі мен әртараптығына қол жеткізудің негізгі факторы инвестициялар тарту және индустрияны дамыту болып табылады. Өздеріңіз білетіндей, Маңғыстау - елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосатын Қазақстандағы жетекші өңірлердің бірі және стратегиялық маңызды орынға ие. Бүгінгі жасалған меморандум шеңберінде Жаңаөзен қаласындағы "Технопарк" өндірістік алаңының жанында құбыр өнімдерін шығаратын зауыт салу жөніндегі жобаны іске асыру көзделеді. Бұл бастама қосымша жұмыс орындарын ашуға, өңірдегі жұмыссыздық деңгейін төмендетуге және экономиканы дамытуға, сондай-ақ экспорттық мүмкіндіктерді арттыруға ықпал етеді, - деп атап өтті Жұмабай Қарағаев.

"KazPetroDrilling" АҚ-1965 жылдан бастап мұнай сервистік қызмет көрсететін Қазақстан Республикасындағы ірі тәуелсіз бұрғылау компаниясы. Компания ұңғымаларды бұрғылау, жөндеу және ликвидациялау, гидравликалық қабатты жару, ұңғымаларды цементтеу және мұнай-газ секторының қажеттіліктері үшін мұнай жабдықтарын өндіру саласында қызметтердің кең спектрін ұсынуға маманданған.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 23 тамызында Маңғыстау облысында құбыр өнімдерін шығаратын зауыт салу туралы меморандумға қол қойылған болатын. 

"Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ баспасөз қызметі. 

Желілерде бөлісу:

  • 1464