Бүгін Ақтау теңіз порты АЭА басшылығы "GI ENCORE PETROLEUM ENGINEERING SERVICES CO., LTD" компаниясының өкілдерімен кездесіп, әлеуетті инвесторлардың жоспарларымен танысты. Кездесуде екіжақты әріптестік мүмкіндіктері талқыланды.
Қысқаша анықтама: GI ENCORE PETROLEUM ENGINEERING SERVICES CO., LTD компаниясы - АҚШ-тың Хьюстон қаласында тіркелген, мұнай саласына сервистік, инженерлік қызмет көрсетумен, әртүрлі қондырғыларды, ГИС приборларын жасаумен айналысады. Жас компания болғанымен бүгінгі күнге Қытай, Пәкстан, Конго сияқты түрлі елдерге инвестиция салған.