АЭА «Ақтау Теңіз порты» - Сіздің жетістіктеріңіздің аумағы!
"АҚТАУ ТЕҢІЗ ПОРТЫ" АЭА АУМАҒЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БЕЛЬГИЯ КОРОЛЬДІГІНІҢ ЕЛШІСІ БОЛДЫ

"Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағында Қазақстан Республикасындағы Бельгия Корольдігінің Елшісі Алексей де Крамбрюгхе мырза болды.

Кездесу барысында қонақтарға "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағының қызметі, сондай-ақ АЭА қатысушылары үшін ұсынылатын ерекше преференциялық жағдайлар таныстырылды.

Бельгияның Қазақстан Республикасындағы елшісіне салықтық жеңілдіктер мен дайын инфрақұрылымы бар жер телімін тегін жалға алу мүмкіндігі ерекше қызығушылық тудырды.

Қонақ атап өткендей, Маңғыстау АЭА-ның арнайы құқықтық режимі өз кезегінде бірегей және Бельгиялық кәсіпкерлердің бизнесі үшін өте тиімді болып табылады.

Сонымен қатар, Елші жұмыс сапары аясында "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағындағы компания - "премиум" класты газ герметикалық қосылысы бар құбырларды кесу зауыты "Қазақстан Пайп Тредерс" ЖШС қызметімен танысты.

Соңында Алексей де Крамбрюгхе мырза алғысын білдіріп, "Ақтау теңіз порты" АЭА бельгиялық инвесторлар үшін үлкен мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.

 

Жарияланған күні: 02-10-2019  
Оқылған саны: 40



Осы бөлімде:

 

Бүгін сайтқа қандай мақсатпен кірдіңіз?
Іздеген ақпаратыңызды таптыңыз ба?(Ақпарат пайдалы болды ма?)
Сайт сізге ұнады ма?
“Ақтау теңіз порты” арнайы экономикалық аймақтың орналасуы
«Ақтау теңіз порты» АЭА аумағы 6 субаймақтан және жағалаудағы аймақтан тұрады. АЭА аумағының жалпы ауданы 2000 га құрайды. АЭА қатысушыларына жер телiмдерi 2028 жылға дейін беріледі.