«CHEM-INVEST EXPORT» ЖШС ХИМИЯ ӨНЕРКӘСІБІ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУ ЗАУЫТЫНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ АШЫЛУЫ ӨТТІ

27.12.2023 ж. «Ақтау теңіз порты» АЭА-ның №1 субаймағында «Chem-Invest Export» ЖШС-нің химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру зауытының техникалық ашылуы өтті.

Ашылу салтанатына Маңғыстау облысының индустриалдық-инновациялық даму басқармасы және «Ақтау теңіз порты» АЭА» АҚ мен кәсіпорын қызметкерлері қатысты.

Жоба бойынша имидазолин, диэтилентриамин-пент, алюминий полихлориді, фосфор қышқылы эфирлері және басқа да химиялық өнімдер өндірісі көзделеді.

Зауыт құрылысына салынған инвестиция көлемі 2,2 млрд. теңгені құрайды, 40 жаңа жұмыс орны ашылады және жобаның қуаттылығы жылына 8000 тоннаға дейін химиялық өнімді шығарады. 

Желілерде бөлісу:

  • 658