АЭА «Ақтау Теңіз порты» - Сіздің жетістіктеріңіздің аумағы!
"АҚТАУ ТЕҢІЗ ПОРТЫ" АЭА АУМАҒЫНДА МЕТАНОЛ МЕН ОЛЕФИН ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ ҚҰРЫЛЫСЫНА КАПСУЛА САЛЫНДЫ

"Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің қатысуымен метанол мен олефиндер өндіретін зауыт құрылысына капсула салу рәсімі өтті.

Жобаны сингапурлық «WestGasOil» компаниясы жүзеге асырады, инвестициялар көлемі – $1,8 млрд. Зауыттың қуаттылығы – жылына 300 мың тонна метанол мен 600 мың тонна олефин. Құрылыс кезеңінде 4000 жұмыс орны ашылады, 2023 жылы пайдалануға берілгеннен кейін 2023 жылы кәсіпорын қызметкерлері 650 адамды құрайтын болады. 

Шығаруға жоспарланған өнім газ-химия өнеркәсібі үшін шикізат ретінде кеңінен пайдаланылуы мүмкін және Маңғыстау облысында газ-химия өнеркәсібін одан әрі дамыту үшін шешуші болып табылады және шикізаттық емес экспортты ұлғайтуға ықпал ететін болады.

Жобаны іске асыру Маңғыстау облысының бюджетіне салықтық түсімдерді арттырады, газ-химия секторына шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі тетікті іске қосады, бұл жалпы өңірлік өнімнің ұлғаюына сөзсіз ықпал етеді және халықты жұмыспен қамту мен жұмыссыздық деңгейін төмендету бөлігінде маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуге септігін тигізеді. 

 

Жарияланған күні: 19-11-2019  
Оқылған саны: 33



Осы бөлімде:

 

Бүгін сайтқа қандай мақсатпен кірдіңіз?
Іздеген ақпаратыңызды таптыңыз ба?(Ақпарат пайдалы болды ма?)
Сайт сізге ұнады ма?
“Ақтау теңіз порты” арнайы экономикалық аймақтың орналасуы
«Ақтау теңіз порты» АЭА аумағы 6 субаймақтан және жағалаудағы аймақтан тұрады. АЭА аумағының жалпы ауданы 2000 га құрайды. АЭА қатысушыларына жер телiмдерi 2028 жылға дейін беріледі.