АЭА «Ақтау Теңіз порты» - Сіздің жетістіктеріңіздің аумағы!
"АҚТАУ ТЕҢІЗ ПОРТЫ" АЭА АЙМАҒЫНДА АҚТАУ МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ БОЛДЫ

2019 жылдың 03 желтоқсанында "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағына Ақтау мұнай өңдеу зауытының өкілдері келді.

Кездесу барысында "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында жаңа өндірістерді іске асыру – АЭА қатысушыларына ұсынылатын преференциялық шарттарды қолдана отырып, шағын МӨЗ және логистикалық кешен салу мүмкіндіктері талқыланды.

Жобада жылына 5500000 тонна шикі мұнайды қайта өңдеп, Еуро-5 жанар-жағар майдың ассортименттерін шығару жоспарланған: Боинг және т. б. класты ұшақтарға арналған реактивті керосин және т.б. Инвестицияның жалпы көлемі 1,3 млрд. АҚШ. долл.

Қонақтар жаңа өндірістерді іске қосу үшін "Ақтау теңіз порты" АЭА-мен одан әрі ынтымақтастыққа үлкен қызығушылық танытты.

Жарияланған күні: 04-12-2019  
Оқылған саны: 495



Осы бөлімде:

 

“Ақтау теңіз порты” арнайы экономикалық аймақтың орналасуы
«Ақтау теңіз порты» АЭА аумағы 6 субаймақтан және жағалаудағы аймақтан тұрады. АЭА аумағының жалпы ауданы 2000 га құрайды. АЭА қатысушыларына жер телiмдерi 2028 жылға дейін беріледі.