АЭА «Ақтау Теңіз порты» - Сіздің жетістіктеріңіздің аумағы!
"АҚТАУ ТЕҢІЗ ПОРТЫ" АЭА БАСШЫЛЫҒЫ ХОРВАТИЯ ДЕЛЕГАЦИЯСЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

29 қазанда "Ақтау теңіз порты" АЭА басшылығы Хорватияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рефик Шабановичтің басшылығымен Хорватия делегациясымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында қонақтарға "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағының инвестициялық қызметі, сондай-ақ оған қатысушылар үшін ұсынылатын ерекше преференциялар мен жеңілдікті жағдайлар таныстырылды.

Өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін барлық алғышарттар бар. "Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ Басқарма төрағасы Бекбол Орынбасаров Маңғыстау – экономикалық, инвестициялық, көліктік-логистикалық әлеуеті бар аймақ екенін атап өтті. Маңғыстау облысының аумағы арқылы Шығыс Еуропаны Орталық Азиямен және Солтүстік Еуропаны Парсы шығанағы елдерімен қосатын "ТРАСЕКА" және "Солтүстік – Оңтүстік" халықаралық көлік дәліздері өтеді. Бұл Хорватия бизнесі үшін қосымша перспективалар ашады.

Сондай-ақ кездесуге қатысқан "Қазақ Инвест" компаниясының өкілі Ивица Пирич Хорват тарапының АЭА аумағында преференциялық және жеңілдікті жағдайларда мүдделілікке ниетін растады және екіжақты бизнес - форум ұйымдастыруды ұсынды "инвестициялық бизнес-форум ұйымдастыру біздің елдеріміз арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды одан әрі нығайтуға және екі жақты ынтымақтастықты тереңдетуге негіз болады", - деп атап өтті И. Пирич.

Өз кезегінде Маңғыстауда Хорватия экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылатын туризмді дамыту тәжірибесін алу қажеттілігі бар.

Жарияланған күні: 30-10-2019  
Оқылған саны: 28



Осы бөлімде:

 

Бүгін сайтқа қандай мақсатпен кірдіңіз?
Іздеген ақпаратыңызды таптыңыз ба?(Ақпарат пайдалы болды ма?)
Сайт сізге ұнады ма?
“Ақтау теңіз порты” арнайы экономикалық аймақтың орналасуы
«Ақтау теңіз порты» АЭА аумағы 6 субаймақтан және жағалаудағы аймақтан тұрады. АЭА аумағының жалпы ауданы 2000 га құрайды. АЭА қатысушыларына жер телiмдерi 2028 жылға дейін беріледі.