АЭА «Ақтау Теңіз порты» - Сіздің жетістіктеріңіздің аумағы!
«АҚТАУ ТЕҢІЗ ПОРТЫ» АЭА» АҚ МЕН БРИТАНДЫҚ «KAZAKH INDEPENDENT POWER LIMITED» КОМПАНИЯСЫ АРАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

 2020 жылғы 6 сәуірде «Ақтау теңіз порты» АЭА» АҚ мен британдық «Kazakh Independent Power Limited» компаниясы арасында Қазақстан Республикасында арнайы құрылған еншілес компаниялардың көмегімен «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында 2 ірі инвестициялық жобаны іске асыру туралы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

1 жоба – «Aktau Clean Energy» ЖШС құрамдастырылған циклдегі қуаты 250 МВт бу – газ энергетикалық станциясын салу және пайдалану (жобаның құны - 97 млрд.теңге, 250 жұмыс орны).

Бұл қондырғы Қазақстанда зиянды шығарындылардың ең төмен деңгейі бар аралас циклдің сұранысқа ие және тиімділігі жоғары жылу электр станциясы болады деп күтілуде.

2 жоба – «Digital Silk Route» ЖШС экологиялық таза энергияда жұмыс істейтін және оптоталшықты кабель арқылы қосылған Каспий деректерді өңдеу орталығын салу және пайдалану (жобаның құны - 151 млрд.теңге, 400 жұмыс орны).

Бұл жоба Солтүстік Америка, Еуропа мен Азияны қосатын ірі жаһандық деректерді өңдеу орталықтарына бірігуге мүмкіндік береді.

Бүгінде инвестор «Ақтау теңіз порты» АЭА қатысушысы сертификатын алу үшін құжаттар жинау және жобалардың ТЭН әзірлеу бойынша жұмыс жүргізуде.

Қайнар көзі: «Ақтау теңіз порты» АЭА баспасөз қызметі  

Жарияланған күні: 09-04-2020  
Оқылған саны: 262



Осы бөлімде:

 

“Ақтау теңіз порты” арнайы экономикалық аймақтың орналасуы
«Ақтау теңіз порты» АЭА аумағы 6 субаймақтан және жағалаудағы аймақтан тұрады. АЭА аумағының жалпы ауданы 2000 га құрайды. АЭА қатысушыларына жер телiмдерi 2028 жылға дейін беріледі.