АЭА «Ақтау Теңіз порты» - Сіздің жетістіктеріңіздің аумағы!
«СТАЛЕЛИТЕЙНЫЙ ЗАВОД» ЖШС БОЛАТ БҰЙЫМДАРЫН ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ АУМАҒЫНА АЭА БАСШЫЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ

Бүгін "Ақтау теңіз порты" АЭА басшылығы "Сталелитейный завод" ЖШС болаттан жасалған бұйымдар шығаратын зауыт аумағына жұмыс сапарымен барды.

"Сталелитейный завод" ЖШС болаттан жасалған бұйымдар шығаратын зауыт 2016 жылы "Ақтау теңіз порты" АЭА қатысушысы атанды. Жобаның жалпы көлемі-1,5 га. Жобаны іске қосу ағымдағы жылдың желтоқсан айының соңында жоспарлануда.

Бүгінгі күні нысанды пайдалануға беру, сондай-ақ аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

 

Жарияланған күні: 06-12-2019  
Оқылған саны: 751



Осы бөлімде:

 

“Ақтау теңіз порты” арнайы экономикалық аймақтың орналасуы
«Ақтау теңіз порты» АЭА аумағы 6 субаймақтан және жағалаудағы аймақтан тұрады. АЭА аумағының жалпы ауданы 2000 га құрайды. АЭА қатысушыларына жер телiмдерi 2028 жылға дейін беріледі.