2017 ЖЫЛЫ ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫ ӨСІМНІҢ ЖАҢА ҚАРҚЫНЫНА ШЫҚТЫ

Қазақстан экономикасының 2017 жылғы басты қорытындысы ел экономикасының жоғары қарқынмен дамуға ауысып, қалпына келтіру үдерістерін жандандыру болды, деп атап өтті Тимур Сүлейменов. 2017 жылдың алдын-ала қорытындысына сәйкес ЖІӨ өсімі 4% құрады.

Өсімнің негізгі қозғаушы күштері сауда секторларында өндірісті кеңейту, инвестициялық белсенділікті арттыру және ішкі сұраныстың біртіндеп қалпына келуі болды. Оң сыртқы жағдайлардың факторлары ретінде мұнай мен металдарға жоғары баға конъюнктурасын, сондай-ақ негізгі сауда серіктестерінің — ЕО, Ресей және Қытай мемлекеттеріндегі экономикалық жағдайдың жақсаруын айтуға болады. 11 айдың қорытындысы бойынша Ресейге экспорттау 33% -ға өсті, ЕО-ға – 31%, Қытайға - 34,9% өсті.

Өндіруші салалардың қарқынды өсуіне қарамастан, ЖІӨ-нің өсу көздері экономиканың шикізаттық емес сегментінде шоғырланған. Осылайша, ЖІӨ-нің 4% өсімінде шикізаттық емес сектордың үлесі 60%-ды құрады. Тұтастай алғанда, нақты секторда экономиканың барлық салаларында өндірістің синхрондық өсімі белгіленген.

Ең жоғарғы өсім өнеркәсіпте 7,1% деңгейінде, көлік саласында – 4,8%, байланыс – 3,3% және саудада – 3,2% байқалды. Мұнай өндіру көлемінің өсуі есебінен тау-кен өнеркәсібінде озық көрсеткіштер белгіленді.

Өңдеу өнеркәсібі 5,1 пайыздық өсім деңгейін көрсетеді, бұл негізінен Индустрияландыру картасындағы жобаларды іске асыру арқылы жүзеге асырылуда.

2017 жылдың қаңтар-қараша айларында ИИДМБ арқылы 850 млрд теңгеге 62 жоба енгізілді және 5,5 мың жұмыс орны ашылды.

Министр фармацевтика саласының қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті, оның өнімі 41,8%-ға өсті. Жеңіл өнеркәсіп 9 инвестициялық жобаны іске қосуға және жүйе құрушы компаниялардың қазақстандық қамтуының ұлғаюына байланысты өндірісті 7,3%-ға арттырды.

Сұраныстың өсуі тиісінше 7,2%, 5,9%, 5,1% және 4,1% деңгейіндегі өсім байқалған химия, металлургия, мұнай өңдеу және тамақ өнеркәсібіне қосымша серпін берді.

Бұдан өзге, машина жасау саласында 5,6% деңгейінде тұрақты өсім белгіленген. Ауыл шаруашылығында өсім 2,9%-ды құрады: өсімдік шаруашылығының өнімі 2,2%-ға, мал шаруашылығы өнімі 3,9%-ға өсті.

«Экспо-2017» көрмесін өткізу ішкі нарықта сұранысты арттырып, бөлшек сауда сегменттерінде, мейрамхана, қонақ үй бизнесі және бүкіл қызмет көрсету салаларында ШОБ мүмкіндіктерін кеңейте отырып, елімізге көптеген туристерді тартты.

2017 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 5,5%-ға артты. 2017 жылдың 11 айында инвестициялардың негізгі өсімі ауыл шаруашылығына бағытталды, онда өсім 29,3%-ды құрады, сауда – 21,8%, құрылыс – 11,8%, байланыс – 9,5% және өнеркәсіп – 3,8% болды.

2017 жылдың 9 айында Қазақстан $15,7 млрд астам тікелей шетелдік инвестицияларды тартты, бұл 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5,3%-ға жоғары көрсеткіш.

Жалпы алғанда, елдің сыртқы сауда айналымы 25,1%-ға артып, $69,5 млрд-қа жетті.

«Экономиканың тұрақты өсімі әлеуметтік көрсеткіштердің жақсаруымен қатар жүрді. Мәселен, есепті кезеңнің 9 айы ішінде жалдамалы жұмысшылар саны 53,1 мың адамға артып, 1 қазандағы жағдай бойынша 6,4 млн адамды құрады. Бұл жұмыссыздықты төменгі 5,0% деңгейінде ұстауға мүмкіндік берді», — деп қорытындылады Т. Сүлейменов.

Ұлттық Банктің басқарма төрағасы Данияр Ақышев банк саласындағы жылдың алдын ала қорытындысын жариялады.

2017 жылға арналған республикалық бюджет орындалуының алдын-ала қорытындылары туралы қаржы министрі Б. Сұлтанов баяндады.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев қорытындылай келе, алдын-ала мәліметтерге сәйкес, 2017 жылы Мемлекет басшысының елдің экономикалық өсімін 4% қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы орындалғанын атап өтті. Салалық министрліктер мен өңірлер өз көрсеткіштері бойынша экономикалық өсімді қамтамасыз етті. Бұндай көрсеткіштерге Үкіметтің және әкімдіктердің ұйымдастып атқарған жұмыстарының нәтижесінде қол жеткізілді. 

Қайнар көзі: primeminister.kz

Желілерде бөлісу:

  • 4683