АҚТАУ ҚАЛАСЫ ЖАҢА ЖЫЛДЫ ОРТАЛЫҚ АЛАҢДА ҚАРСЫ АЛДЫ

31 желтоқсан күні Ақтау қаласының мыңға жуық тұрғыны Жаңа жылды қарсы алу үшін орталық алаңға жиналып, қуаныштарымен бөлісті.

Мерейлі мерекеге орай қала тұрғындары мен қонақтарының назарына концерттік бағдарлама ұсынылды. Шара кешкі сағат 20.00-де өңірдегі өнер ұжымдары мен әртістерінің қатысуымен басталды.

Ал, сағат 22.50-де үлкен LED-экранда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқын құттықтауы қосылды. Содан кейін Маңғыстаулық тұрғындарды өңір басшысы Ералы Тоғжанов келіп құттықтады.

«Қадірлі жерлестер! Сіздерді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймын. Жаңа 2018 жыл халқымыз үшін табысқа толы, мерекелі-берекелі жыл болғай. Айналасына шуағын шашқан отбасылық мереке - Жаңа жыл баршаңызға бақыт, табыс, шаттық әкелсін!»,- деді аймақ басшысы.

Шара соңында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан 100-ге жуық жаңа жылдық сыйлықтар үлестіріліп, мерекелік отшашуға жалғасты.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі 

Желілерде бөлісу:

  • 5073