АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТАРЫНЫҢ ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕСІ

рус/eng

Бүгінгі күні, Шымкент қ. «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Біржан Қанешевтің, CEO, Investment Consulting Associates, CEO, World Free Zones Organization сияқты шетел спикерлерінің, Әзербайжан Республикасынан, Өзбекстан Республикасынан, Қырғызстаннан және Тәжікстаннан делегациялардың қатысуымен «Арнайы экономикалық аймақтарының әлемдік тәжірибесі» атты конференция өтуде.

Іс-шараның ұйымдастырушылары «Оңтүстік» АЭА басқарушы компания» АҚ және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ болды.

Конференция барысында шетел серіктестері мен іс-шара қонақтары АЭА резиденттерінің ерекше талаптармен таныстырылды, табысты іске асырылған жобалардың тұсауы кесілді, даму тәжірибесімен және одан әрі жоспарлармен бөлісті.

Алғы сөзінде KAZAKH INVEST Басқарма төрағасының орынбасары Біржан Қанешев осы іс-шараны өткізудің негізгі міндеттері мен мақсаттары туралы айтты.

«Бүгінгі іс-шаралар, «Оңтүстік» АЭА басқарушы компания, АЭА резиденттер, уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан да, сондай-ақ, әлеуетті отандық және шетел инвесторлар тарапынан да тура келіссөздер үшін алаңы болып табылады, ол, өз кезегінде, елде арнайы экономикалық аймақтың қызметін жетілдіруді жалғастыруға мүмкіндік береді», - деді Б.Қанешев.

Іс-шаралар барысында тура шетел инвестицияларды тартудың өзекті мәселелер, мемлекеттік қолдау шаралары, ТШИ соңғы беталыстары және арнайы экономикалық аймақтарды және индустриалды аймақтарды дамытудың тиімді жолдары талқыланады.

Сондай-ақ, форум аясында заң жобасын және АЭА дамытудың проблемалық мәселелерін талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізілген, оң халықаралық тәжірибені есепке алумен АЭА басқарушы компанияны өзіндік қамтамасыз ету мәселелері қозғалған болатын.

Өңірдерді тез дамытуды іске асыру, инвестицияларды, технологияларды тарту, жоғары тиімді және бәсекеге қабілетті өндірістерді құру мақсатымен, Мемлекет Басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасында 11 арнайы экономикалық аймағы құрылғандығын еске саламыз.  Өңірді кластерлік дамыту мақсатында, АЭА әр түрлі салалық бағыты бар. Осылайша, мысалы, «Оңтүстік» АЭА тоқыма салаға және химияға, мұнай химияға, «ПИТ» АЭА ақпараттық технологияларға, «Павлодап» АЭА химияда және мұнайхимияда, «Сарыарқа» АЭА металлургия мен ауыр машина жасауға мамандандырылады.

Осы іс-шаралар сараптаушы ұйымдар, мемлекеттік органдар, АЭА және ИА басқару органдары арасындағы іскерлік қатынастарын нығайтуға және өзара пайдалы ынтымақтасуға арналған диалог алаңы болып қызмет етті. 

Қайнар көзі: invest.gov.kz

Желілерде бөлісу:

  • 5642