АЭА «Ақтау Теңіз порты» - Сіздің жетістіктеріңіздің аумағы!
АСТАНАДА KAZAKH INVEST ЖӘНЕ БАӘ ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КЕЛЕШЕГІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

рус/eng

Астанада Kazakhstan Global Investment Roundtable-2018 аясында «Kazakh Invest» ұлттық компаниясының өкілдері БАӘ Шетелдік инвесторлар қауымдастығының бас хатшысы Джамаль Саиф Әл Джарван бастаған араб кәсіпкерлері делегациясымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Қазақстан экономикасының басым салаларында араб бизнесінің жаңа инвестициялық жобаларын іске асыру мен ынтымақтастық келешегі талқыланды.

«Сіздің ел БАӘ үшін Орталық Азия өңіріндегі стратегиялық серіктес болды және болып қала береді және біз Қазақстан экономикасының дамуы мен араб бизнесі үшін ашылатын перспективаларға аса көңіл бөлеміз», — деп атап өтті кездесу барысында БАӘ делегациясының басшысы Джамаль Саиф Әл Джарван мырза.

Тараптар жұмыстағы бірлескен бизнес-жобалар жөнінде пікір алмасты. Қазақстандық тарап ауыл шаруашылығы, азық-түлік өнеркәсібі, машина жасау және туризм секілді экономиканың басым салаларындағы перспективалы жобалармен таныстырды.

Өз кезегінде, Kazakh Invest басқарма төрағасы Сапарбек Тұяқбаев Қазақстан ел аумағында жұмыс істейтін халықаралық инвесторларға қатысты ашықтық, қорғау және толық сүйемелдеу қағидаттарын ұстанатынын айтып өтті.

«Мемлекеттік жекешелендіру бағдарламасы сіздің елдің Қазақстандағы бизнесі үшін үлкен бірегей мүмкіндіктер ашады. Біз тұрақты негізде БАӘ келген компанияларға жан-жақты қолдау мен көмек көрсетуге дайынбыз», — деп мәлімдеді С. Тұяқбаев.

Қорытындылай келе, тараптар «Kazakh Invest» ҰК мен БАӘ Шетелдік инвесторлар қауымдастығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. 

Қайнар көзі: invest.gov.kz

Жарияланған күні: 09-07-2018  
Оқылған саны: 166



Осы бөлімде:

 

Бүгін сайтқа қандай мақсатпен кірдіңіз?
Іздеген ақпаратыңызды таптыңыз ба?(Ақпарат пайдалы болды ма?)
Сайт сізге ұнады ма?
“Ақтау теңіз порты” арнайы экономикалық аймақтың орналасуы
«Ақтау теңіз порты» АЭА аумағы 6 субаймақтан және жағалаудағы аймақтан тұрады. АЭА аумағының жалпы ауданы 2000 га құрайды. АЭА қатысушыларына жер телiмдерi 2028 жылға дейін беріледі.