АЭА «Ақтау Теңіз порты» - Сіздің жетістіктеріңіздің аумағы!
ИСПАНИЯЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАР МАҢҒЫСТАУДА БІРҚАТАР ЖОБАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫ ҰСЫНДЫ

рус/eng

Маңғыстау облысының әкімі  Ералы Тоғжанов Sistemecs Engineering and Construction компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді. Инвесторлар Маңғыстауда бірқатар жобаларды қаржыландыруға ниетті.

«Инвестициялық саясат – бұл Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының ұстанған негізгі саясаттарының бірі.Бізде еркін экономикалық аймақ алаңы жұмыс істеуде.Аталған аймақтың шарттарымен және артықшылықтарымен танысуды ұсынамын.Біз сіздермен осы бағытта жұмыс істеуге әрқашан дайынбыз.Бүгін біз Systemecs Engineering and Construction компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық», - деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

Sistemecs Engineering and Construction компаниясы төмендегі жобаларды  іске асыру, қаржыландыру және жабдықтау қызметін ұсынды:

1. Теңіз суын тұщытатын станцияның құрылысы, көлемі тәулігіне 10 мың текше метр.

2. Сыйымдылығы 50 мВт болатын баламалы электр станцияларын (күн және жел энергиясынан қуат алатын) салу.

3. Маңғыстау, Атырау, БҚО, Ақтөбе облыстарына, сондай-ақ көрші мемлекеттерге қызмет көрсетуге арналған аймақтық медициналық кешен құрылысы. 

Қайнар көзі: mangystau.gov.kz

Жарияланған күні: 04-05-2018  
Оқылған саны: 260



Осы бөлімде:

 

Бүгін сайтқа қандай мақсатпен кірдіңіз?
Іздеген ақпаратыңызды таптыңыз ба?(Ақпарат пайдалы болды ма?)
Сайт сізге ұнады ма?
“Ақтау теңіз порты” арнайы экономикалық аймақтың орналасуы
«Ақтау теңіз порты» АЭА аумағы 6 субаймақтан және жағалаудағы аймақтан тұрады. АЭА аумағының жалпы ауданы 2000 га құрайды. АЭА қатысушыларына жер телiмдерi 2028 жылға дейін беріледі.