ҚАЗАҚСТАН ГРЕКИЯ ҮШІН — ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ НЕГІЗГІ СЕРІКТЕС

Форум шеңберінде FREZYDERM S.A. (фармацевтикалық өнімдер өндіру), «R&D косметика департаменті» (FREZYDERM), VIOHALCO S.A. (Еуропада металл өңдеуші компаниялардың жетекші холдингілік тобы), Upstream (нарықта сауданы жылдамдататын ықшам коммерция платформасы), PHARMEX S.A. (түрлі зерттеулер өткізеді және инновациялық өнімдерді әзірлеу бағыты бойынша жұмыс істейді), VK Premium (жеке және мемлекеттік секторларда консультациялық қызметтер көрсетеді), ADELCO S.A. (ірі грекиялық фармацевтикалық компания), METKA (EPC (Engineering-Procurement-Construction) ірі көлемді жобалар құрылысы, SABO SΑ (кірпіш–жабынқыш өнеркәсібі) сияқты компаниялармен екі тарапты кездесулер өтті.

Кіріспе баяндамасында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі Арыстан Қабыкенов аталған іс-шараның өткізілуінің түйінді міндеттері мен мақсаттары туралы айтып кетті.

«Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың биылғы жылғы жолдауында жасалған тапсырмаларды жеке атап кеткім келеді, бұл жаңа технологиялар енгізуге бет бұру және экономиканың барлық салаларын, бірінші кезекте машина жасау, мұнайды қайта өңдеу, тағам, металл өнеркәсібі және құрылыс индустриясы сияқты еңбек өнімділігі жоғары өнеркәсіп секторын сандық қалыпқа ауыстыруға қатысты тапсырмаларды атап кеткім келеді. Бүгінгі іс-шараға келген Грекия компаниялары осы басымдықтарға түсіп отыр», - деп атап кетті ҚР ИДМ вице-министрі.

Форум барысында қатысушыларға Қазақстан мен Грекцияның инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды, екіжақты ынтымақтастық мәселелері мен олардың даму перспективалары талқыланды.

Анықтама:

2017 жылы біздің елдердің арасындағы сыртқы сауда айналымы 2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 10% артып, 980 млн. АҚШ долларын құрады. Қазақстанға Грекиядан импорт 25% артып, 16,5 млн. АҚШ долларын (2016 ж. -13,2 млн. АҚШ доллары) құрады.

Негізгі импорт тауарлары: дәрі-дәрмек 5,3 млн. АҚШ доллары (34,8%), темекі 1 млн. АҚШ доллары (6,6%), алюминий жұқалтыр 1 млн. АҚШ доллары (6,4%), киім заттары 0,9 млн. АҚШ доллары (6,1%), жеке гигиена заттары 0,8 млн. АҚШ доллары (5,1%), джемдер, пасталар 0,7 млн. АҚШ доллары (4,4%), мыс құбырлар 0,6 млн. АҚШ доллары (3,8%), жаңа ауланған немесе салқындатылған балық 0,5 млн. АҚШ доллары (3,4%), пластик ыдыстар 0,5 млн. АҚШ доллары (3,1%), лифттер мен көтергіштер 0,4 млн. АҚШ доллары (2,6%), киви 0,3 млн. АҚШ доллары (2,1%) және басқалары. 

Қазақстаннан Грекияға экспорт 963,5 млн. АҚШ долларын құрады, бұл алюминий жеткізудің өсуі есебінен 2016 жылдың ұқсас кезеңінен (871 млн. АҚШ доллары) 10% артық.

Экспорттың 80% астамы мұнайға тиесілі, бұл тамақ және ауыр өнеркәсіпті қоса алғанда өзара сауданың іске асырылмаған зор әлеуетін көрсетеді.  

Негізгі экспорт тауарлары: шикі мұнай 712,6 млн. АҚШ доллары (81,8%), алюминий 111,6 млн. АҚШ доллары (12,8%), буксирлер мен итермеші кемелер  (уақытша әкелу/әкету) 29 млн. АҚШ доллары (3,3%), жүзіп жүретін шамшырақтар (уақытша әкелу/әкету) 15,9 млн. АҚШ доллары (1,8%), іштен жанатын қозғалтқыш 1,1 млн. АҚШ доллары (0,1%) және басқалары.

Қайнар көзі: primeminister.kz

Желілерде бөлісу:

  • 5895