АЭА «Ақтау Теңіз порты» - Сіздің жетістіктеріңіздің аумағы!
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ ЕРЕКШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ ЕЛШІСІ ЖӘНЕ "KAZAKH INVEST "ҰК" АҚ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ "АҚТАУ ТЕҢІЗ ПОРТЫ" АЭА-ДА БОЛДЫ

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Ерлан Қартайұлы Хаиров пен "Kazakh Invest "ҰК" АҚ Басқарушы директоры Айбек Әлібекұлы Тұрсынғалиев Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Нұрдәулет Иглікұлы Қилыбаймен бірге "Ақтау теңіз порты" АЭА-да болды.

Сапар барысында қонақтар назарына арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеу қағидаттары мен негізгі көрсеткіштері ұсынылды.

Сонымен қатар, "Ақтау теңіз порты "АЭА" АҚ-ның проблемалық мәселелері мен одан әрі даму жоспары талқыланды.

Сондай-ақ қонақтар үшін "Қазақстан Пайп Тредерс" ЖШС және "Азерсун өндіріс және логистика орталығы" ЖШС кәсіпорындарының өндірістік алаңдарына таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылды.

 

Жарияланған күні: 12-12-2019  
Оқылған саны: 654



Осы бөлімде:

 

“Ақтау теңіз порты” арнайы экономикалық аймақтың орналасуы
«Ақтау теңіз порты» АЭА аумағы 6 субаймақтан және жағалаудағы аймақтан тұрады. АЭА аумағының жалпы ауданы 2000 га құрайды. АЭА қатысушыларына жер телiмдерi 2028 жылға дейін беріледі.