Ағымдағы жылдың 26 тамызында ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің төрағасы І.Е. Оспановтың басшылығымен арнайы экономикалық аймақтарды одан әрі дамыту және АЭА қатысушыларының проблемалық мәселелерін шешуге бағытталған шараларды әзірлеу бойынша ZOOM форматында жиналыс өтті. Жиналыста АЭА басқарушы компанияларының басшылары, АЭА қатысушылары және БАҚ өкілдері қатысты. Кеңес барысында "Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Б.М. Кенбеилов "Ақтау теңіз порты" АЭА қатысушыларының ұсыныстарын ескере отырып, заңнамалық деңгейде шешуді қажет ететін ағымдағы мәселелерді атап өтті. Өз кезегінде АЭА қатысушылары жобалардың одан әрі дамуына оң әсерін тигізетін шешімдерді қабылдауды талап ететін мәселелерді қозғады. Жиналыс қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берілді.
"Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ баспасөз қызметі.
ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің төрағасы І.Е. Оспановтың басшылығымен ZOOM форматында жиналыс өтті
Желілерде бөлісу:
- 1602