«Ақтау теңіз порты» АЭА аумағына Тюмень облысының Инвестициялық саясат және кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау Департаменті инвестициялар, ілгерілету және сыртқы байланыстар басқармасының бастығы А.С. Горлатов келді

Ағымдағы жылдың 21 желтоқсанында «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағына Тюмень облысының (Ресей Федерациясы) Инвестициялық саясат және кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау Департаменті инвестициялар, ілгерілету және сыртқы байланыстар басқармасының бастығы А.С. Горлатов келді.

Кездесу барысында «Ақтау теңіз порты» АЭА» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Б.М. Кенбеилов АЭА қызметі, іске асырылып жатқан жобалар, инвесторларды мемлекеттік қолдау шаралары және АЭА-ны одан әрі дамыту жөніндегі жоспарлар туралы жалпы ақпаратты жеткізді. Сондай-ақ, АЭА қатысушыларының қызметімен, өңірдің көлік-логистикалық әлеуетімен, Ақтау теңіз сауда портына және Ақтау теңіз солтүстік терминалына барумен танысу, Ақтау қаласы әкімдігінің басшылығымен жеке кездесу өткізілді. Өз тарапынан А.С. Горлатов Тюмень облысы кәсіпкерлерінің мұнай-газ саласында пайдаланылатын жабдықтарды өндіру саласындағы ынтымақтастық туралы жоспарлары айтылды.

Өткізілген кездесулердің қорытындысы бойынша одан әрі ынтымақтастық туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

«Ақтау теңіз порты» АЭА» АҚ баспасөз қызметі. 

Желілерде бөлісу:

  • 1671