ҚР КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ МАҢҒЫСТАУҒА ОБЛЫСЫНА КЕЛДІ

рус 

Бүгін облыс әкімі Ералы Тоғжанов Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайыммен кездесті.

Сондай-ақ, жергілікті мемлекеттік органдардың басшыларымен жүздесіп, өңірдегі әлеуметтік әріптестікті нығайту, қызметкерлерді әлеуметтік қолдау және әлеуметтік-еңбек қатынастары мәселелерін талқылады.

«Біздің міндетіміз - қызметіміздің әлеуметтік бағытын жақсарту. Кәсіподақтар мен олардың отбасы мүшелерінің арасында сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру мен өткізу, курорттық емдеу орталықтарын дамыту, балалар мен жасөспірімдерді бұқаралық дене шынықтыру және спорттық үйірмелерге баулу», - деді Бақытжан Әбдірайым.

  «Қазіргі күні қоғамда өзгеден озық, бітім-болмыс жағынан ешкімге ұқсай бермейтін, рухани және материалдық жағынан салмақты орны бар кәсіподақ – халық арасында зор сенімге, айтулы беделге ие ұйым.

Бұл қоғамдық ұйым жергілікті жердегі сан қырлы қызметті ұйымдастырушы қарапайым қызметкерлер мен жұмыскерлердің жанашыры. Қарапайым еңбек адамының әлеуметтік жағынан толық қамтылып, еңбек құқықтарының сақталуы – оның алаңсыз жұмысын істеуі мен еңбегінің нәтижелі болуының, олардың мұң-мұқтаждарын жедел шешуге атсалысатын бірден – бір орын.

Жұмысшылардың осы игіліктерге ие болуына әрбір ұжымдағы кәсіподақ ұйымы мүдделі. Сондықтан кәсіподақ ұйымының жұмысы әрқашанда дұрыс бағалануы тиіс»- деді өңір басшысы Ералы Тоғжанов.

Қайнар көзі: mangystau.gov.kz

Желілерде бөлісу:

  • 5723