Каспийдің жағалауы, Бозжыраның таңғажайып табиғаты, тарихи орындар мен ерекше ландшафттар. Маңғыстау – туристерді тамсандыратын, әлеуеті зор өңір.
Бүгінде аймақта туризмді дамытуға және жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндіктер қарастырылған.
Атап айтқанда, «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында туризм басым бағыттардың бірі ретінде белгіленген. Инвесторларға заңнама аясында жер учаскелерін беру және арнайы преференцияларды пайдалану мүмкіндігі қарастырылған.
Бұл – өңірде туристік инфрақұрылымды дамытуға, жаңа жобаларды іске асыруға және Маңғыстаудың туристік тартымдылығын арттыруға жол ашатын маңызды мүмкіндік.






__62dd95e0c2d7010855fb7662b9072771.jpeg)


__34dbcae32b1508603841795b2703e6d1.jpeg)
__7588c3ff5131e14e6316abd11f70727b.jpeg)
__c4a95868999071319f564b090186ff61.jpeg)

__68f183fd7c29afc8ad52d06bb6563b39.jpeg)








