МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ӘКІМІ ЕРАЛЫ ТОҒЖАНОВ ТҮРІКМЕНСТАННЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ ТОЙЛЫ КӨМЕКОВПЕН КЕЗДЕСТІ

рус 

Түрікменстан Қазақстандағы Төтенше және өкіліетті елшісі Тойлы Көмеков бастаған делегациямен кездесті. Тараптар тамыз айында өтетін Каспий маңы мемлекеттері Саммитінің маңыздылығына тоқталып, халықаралық жиын екі ел арасындағы байланысты одан әрі күшейте түсетінін атап өтті. Кездесу барысында өңір басшысы Ералы Тоғжанов алдағы саммит аясында Қазақстан мен Түркіменстан үшін маңызды үш мәселені көтерді. Атап айтсақ, көлік дәлізі, әуе қатынасы және Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы визалық мәселелерді талқылауды ұсынды. Түрікменсандық дипломаттар алдағы саммит халықаралық байланыстарды дамытуға серпін беретінін әрі бірлескен жобалардың жүзеге асуына мүмкіндік беретінін айтты.

Түрікменстан президентінің бастамасы бойынша сауда-экономикалық қатынастар мен Каспий елдері арасындағы көліктік ынтымақтастық туралы құжаттар әзірленуде. Алдағы саммитте аталған жоба бойынша нақты шешім қабылдатанына сеніміз мол. Қазақстан қабылдаушы ел ретінде осы маңызды шараны жоғары деңгейде өткізуде сәттілік тілеймін», - деді  Түрікменстанның Төтенше және өкілетті елшісі Тойлы Көмеков.

Қайнар көзі: mangystau.gov.kz

Желілерде бөлісу:

  • 3466