МАҢҒЫСТАУДА КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ТЕКСЕРУЛЕР САНЫ 11% -ҒА ТӨМЕНДЕДІ

рус/eng

Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен аппараттық жиын өтіп, күн тәртібінде бірнеше мәселелер қаралды. 

Онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспар туралы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы  Талғатбек Бәпиев  баяндама жасады.

Талғатбек Әнуарбекұлының дерегінше,  2018 жылдың 5 айы (қаңтар-мамыр)  облыста барлық көрсеткіштер бойынша, былтырғы кезеңмен салыстырғанда оң динамика байқалады. Облыста анықталу қабілеттілігінің өсу динамикасы 2017 жылға қарағанда 7,8% дейін өскен. Абсолютті жағдайда 2017 жылы 319 науқастан 2018 жылы 353 науқасқа дейін өсіп отыр. 2017 жылғы 5 айдағы деректермен салыстырғанда өлім-жітім азайту өңірде 5,5% төмендеген.

Ағымдағы жылдың ақпан айында 2017 жылдың қорытындысы бойынша проблемалық сұрақтарды шешу үшін Қазақ Онкология және Радиология Ғылыми Зерттеу Институтының  директоры Диляра Қайдарованың қатысуымен онкологиялық қызметтің аймақтық штабы өтті. Биылға белгіленген мақсаттар мен міндеттер, ахуалды жақсарту бойынша шаралар қабылданған. Онкология мәселелері бойынша жұмыс тобы құрылып, оның ішінде скринингтік бағдарламаларды енгізу 2017 жылы есепті кезеңде 19 адам, ал 2018 жылдың 5 айында 48-ден астам скринингтік жағдайлар анықталған.

Кәсіпкерлік қызметті реттеудің жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Венера Мұстапаева баяндама жасады. Заңның негізгі бағыттары мемлекеттік бақылау мен қадағалауды реформалау: Атап айтсақ, ақпараттық құралдарды реформалау, квазимемлекеттік сектор ұсынатын міндетті қызметтерді реттеу, бизнес шығындарын алдын-ала қысқарту, бәсекелестікті болдырмайтын ережелерді анықтау мақсатында заңнаманы қайта қарау, Doing Business рейтингін жақсарту. 
2016 жылы 101 019 тексеру жүргізілсе, 2017 жылы - 81 659.  Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жүргізілетін тексерулердің жалпы саны 2016 жылдан 2017 жылға дейін 11% -ға азайған. Ал, 2018 жылдың 5 айында кәсіпкерлерді жоспардан тыс тексерулер саны сол кезеңмен салыстырғанда 24% -ға азайған. Өңірдегі орта және шағын бизнесті дамыту мақсатында мемлекет тарапынан жасалатын қолдауды күшейтуіміз керек деді, өңір басшысы Ералы Тоғжанов.

 Қайнар көзі: mangystau.gov.kz 

Желілерде бөлісу:

  • 4587