МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНА КЕЛДІ

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысына келді. Өңірді әлеуметтік-экономикалық дамыту мәселелері жөніндегі кеңес барысында, Мемлекет басшысы дәрі-дәрмек, медициналық бұйымдар, электр кабель өнімдерін өндіруді қоса алғанда, шикізаттық емес сектордағы жобаларды іске асыруға баса назар аудара отырып, Арнайы Экономикалық аймақтың әлеуетін одан әрі дамыту қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, сапар барысында Мемлекет басшысы «Rixos Water World Aktau» қонақ үй кешеніне барып, «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында жүзеге асырылатын Ақтау қаласының оңтүстік жағалауында туристік инвестициялық жобаларды дамытуға ерекше назар аударды. Кеңес қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы мен өңір басшылығының тапсырмаларын одан әрі іске асыру «Ақтау теңіз порты» АЭА басқарушы компаниясының басым міндеті болып табылады.

Қайнар көзі: «Ақтау теңіз порты» АЭА» АҚ баспасөз қызметі.

Желілерде бөлісу:

  • 3323