МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ

Бүгінгі таңда өңірде мемлекеттік қызметшілердің нақты саны – 2842 адам. Оның ішінде, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдарда – 1223 және республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдарда – 1619 адам қызмет атқаруда. Бұл саладағы әйел адам саны – 1531 немесе 54 % болса, жоғары білімді – 2555 немесе 90 %, ортадан кейінгі білімімен – 287 немесе 10 %,мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы – 36 жыл, мемлекеттік қызметтегі орташа өтілі – 11 жыл, атқарып отырған лауазымдағы орташа өтілі – 3 жыл.

Салтанатты шарада Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Шолпан Илмұханбетова мемлекеттік қызметшілерді мерекемен құттықтып, марапаттады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен Бейнеу ауданы әкімінің орынбасары Қ.Әбілшеев, Жаңаөзен қаласы кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ж.Бекова, Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі А.Нұрбосынова, Қарақия аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы А.Отарбаева,  Түпқараған аудандық мәслихаты аппаратының басшысы А.Ізбенге табыс етілді. «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметкері» республикалық конкурсына белсенді түрде қатысқаны және еліміздің тұрақты дамуы мен мемлекеттік қызмет беделін көтеруге қосып жүрген үлесі үшін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы  Қ.Қожамжаровтың Алғысымен Маңғыстау облысының қаржы басқармасының басшысы М.Әлібекова, Маңғыстау облысының білім басқармасының бөлім басшысы К.Құлатаева марапатталды.

Маңғыстау облысының мемлекеттік басқару органдарындағы адал еңбегі үшін облыс әкімдігінің Алғыс хатымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының  бас маманы Н.Айтжанов, Бейнеу аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ж.Мырзабеков, Батыр аудандық округі әкімінің аппаратының бас маман-есепшісі Г.Жайылғанова, Мұнайлы ауданы әкімінің аппаратының қаржы және шаруашылық бөлімінің басшысы Г.Исанова, Баянды ауылы әкімі аппаратының бас маманы Г.Түгелбаева, Түпқараған аудандық Қазынашылық басқармасы басшысының орынбасары  А.Тұмаева, Құрық ауылы әкімі аппаратының әлеуметтік сала жөніндегі бас маманы А.Ізбасарова, Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің бас маманы С.Шүйішбаева, Маңғыстау аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.Ауданбаева, Онды ауылдық округінің әкімі Б.Ізімтаев марапатталды.

Мемлекеттік қызметшілер күні мерекесіне орай, мемлекеттік қызметшілер арасында өткізілген «Спорт денсаулық кепілі» спартакиадасында 1 орын алған -Маңғыстау облысы бойынша төтенше жағдайлар департаменті өртке қарсы және авариялық құтқару қызметінің, 2 орын - Маңғыстау ауданы әкімдігінің, 3 орын иеленген Қарақия ауданы әкімдігінің командаларына облыс әкімідігінің Алғыс хат тапсырылды.

– Кез келген қоғам мемлекеттік қызметшілерсіз жүйелі жұмыс жүргізе алмайды. Билікке деген сенім - мемлекеттік қызметшіден басталады.Еліміздің қарқынды дамуы сіздердің білікті білімдеріңізге, мол тәжірибелеріңізге, ұмтылыстар мен жiгерлеріңізге тікелей байланысты. Тұрғындардың әл-ауқатын арттыру және олардың болашағын жақсартуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуы үшін жауапкершілік мемлекеттік қызметшілерге артылады.Мемлекеттік қызметші болу – зор құрмет, сондықтан да кәсібилікпен адамның жан-жақты білімді,  жауапкершілігі мол маман болуын талап етеді.Еліміздің болашағына, оның өркендеуіне зор үлесін қосып,  жауапкершілігі мол қызметті адал атқарып келе жатырған осы сала ардагерлері мен жас мемлекеттік қызметшілерге еліміздің, облыс әкімінің атынан алғысымды айтамын! – деп құттықтады Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Шолпан Илмұханбетоваға.

– Мемлекеттік қызмет – халықтың сенімін ақтау, ұлтымыздың абыройын асырып, асқақтату. Әрбір өркениеттің өріне қадам бастаған мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен саясатын алға апарушы мемлекеттік қызметкер екені белгілі. Сондықтан да ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – мәртебелі міндет. Мемлекеттік қызметкер – мемлекеттің айнасы. Құрметті әріптестер сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, ел игілігі жолындағы қызметтеріңізге сәттілік тілеймін!- деді  Бейнеу ауданы әкімінің орынбасары Қойшығұл Әбілшеев.

Қайнар көзі: mangystau.gov.kz

Желілерде бөлісу:

  • 4385