Мемлекеттік мереке - Республика күнімен!

Құрметті отандастар, әріптестер!

Мемлекеттік мереке - Республика күнімен шын жүректен құттықтауларымызды қабыл алыңыз! Тәуелсіздік алған сәттен бастап қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыруға бағытталған бірқатар маңызды шешімдер қабылдау арқылы елімізде
кәсіпкерлікті жүргізу үшін айтарлықтай жағдайлар жасалды. Жұмыс істеудің барлық кезеңдерінде арнайы экономикалық аймақтар елде болып жатқан экономикалық процестердің белсенді қатысушысы болып, экономика салаларын дамытудың драйверіне айналды. Қазақстанның теңіз қақпасы бола отырып, Маңғыстау облысы экспорттық және көліктік-логистикалық әлеуетті, сондай-ақ өнеркәсіп салаларын дамытуда маңызды орнын алды. Мерекелі күні Сіздерге бар жақсылықты, бейбітшілік пен келісім, зор денсаулық, бақыт пен амандық тілейміз!!!

Құрметпен, "Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ ұжымы. 

Желілерде бөлісу:

  • 3923