ОБЛЫС ӘКІМІ ЕРАЛЫ ТОҒЖАНОВ МАҢҒЫСТАУЛЫҚТАРҒА АЛҒЫСЫН БІЛДІРДІ

рус/eng

Бүгін облыс әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен жиын өтті. Өңір басшысы маңғыстаулықтарды Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қоюымен құттықтады.Маңғыстау үшін бұл іс-шара маңызды екендігінжәне де Ақтау бірнеше күн бойы бүкіл әлем назарында болғанын атап өтті. Ералы Тоғжанов барлық тұрғындарға күн демей күн демей, ауа райының ыстығына қарамастан қаланың қөркейуіне ат салысқан құрылысшы мен сәулетшілергі өнер ұжымына және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне және көптеген басқа азаматтарға алғысын білдірді.

«Бұрын бұл аймақ  ең шетте орналасқандығы тұралы көп айтылатын. Енді Маңғыстау - Азия мен Еуропа арасындағы байланыстырушы өңірге айналды. Құрық порты арқылы әлемнің әр түкпірінен шыға алатын мүмкіндігіміз бар. Қазір бүкіл әлем Маңғыстау туралы біледі", деді.

«Ақтаудың болашақта мүмкіндігі мол. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев аймақтағы туризмді дамыту туралы тапсырма берді. Біздің бірлесіп атқаратын жұмысымыздың бұл басы ғана алда жол салу, көгалдандыру және басқа да жұмыстарымыз жалғасады», - деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов. 

Қайнар көзі: mangystau.gov.kz

Желілерде бөлісу:

  • 5681