ТАҒАЙЫНДАУ

Кабашев Асхат Тлеубекұлы «Ақтау теңіз порты «АЭА» АҚ директорлар кеңесінің 2021 жылғы 18 маусымдағы шешімімен арнайы экономикалық аймақтардың басқарушы компанияларын басқару үшін тұлғаларды іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия отырысының хаттамасы және бірыңғай үйлестіру орталығы – «QazIndustry «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ ұсынымы негізінде «Ақтау теңіз порты» АЭА» АҚ Басқарма Төрағасы болып тағайындалды. Кабашев А. Т. мемлекеттік органдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде басшылық лауазымдарда көп жылдық жұмыс тәжірибесі бар. «Ақтау теңіз порты» АЭА» АҚ-да 5 жылдан астам Департамент директоры, Атқарушы директор лауазымдарында, 2019 жылдан бастап «Ақтау теңіз порты» АЭА» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары, 2021 жылғы наурыз айынан бастап «Ақтау теңіз порты» АЭА» АҚ Басқарма Төрағасының міндетін атқарушысы болып жұмыс істеді.

Қайнар көзі: «Ақтау теңіз порты» АЭА» АҚ баспасөз қызметі.

 

Желілерде бөлісу:

  • 4559