Сіздерді ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің 2017 жылы атқарған жұмыс қорытындысы мен «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Жолдауда жүктелген негізгі міндеттерге қатысты өтетін Алқа мәжілісіне қатысуға шақырамыз.
Өтетін күні мен уақыты: 2018 жылдың 14 ақпаны, сағ.11:00
Өтетін орны: Астана қ., Қонаев көшесі, 4, «Қазмедиа орталығы» ғимараты, Киноконцерт залы.
Спикерлер:
Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек – Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі;
Скляр Роман Васильевич – ҚР Инвестициялар және даму Бірінші вице-министрі.
Іс-шараға ҚР Президенті Әкімшілігінің, ҚР Премьер-Министр Кеңсесінің өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, «Бәйтерек» АҚ-ның, Қоғамдық кеңестің мүшелері, сондай-ақ селекторлық режимде облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының индустриалды-инновациялық мәселелер бойынша әкім орынбасарлары, министрліктің аумақтық департаменттері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары қатысады.
БАҚ тіркелуі міндетті.
Өздеріңізге қатысты деректерді 2018 жылдың 13 ақпаны сағат 18.00-ге дейін press@mid.gov.kz, 241704@bk.ru электронды адресіне келесі кестеге сәйкес жіберулеріңізді өтінеміз:
№ |
Ұйым |
Аты-жөні |
Лауазымы |
Байланыс (ұялы телефон, email) |
Техникалық құрал (телефон, диктофон, ноутбук және т.б.) |
1. |
|
|
|
|
|
2. |
|
|
|
|
|