ҚАЗАҚСТАНДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ ДЕКЛАРАЦИЯ ЖҮЙЕСІ ТҮЗЕТІЛДІ

рус/eng

ASYCUDA World  платформасының өзекті нұсқасындағы ЮНКТАД әзірлеген базаға ҚР ҚМ МКК-да Кедендік және салықтық әкімшілендірудің автоматтандырыдған жүйесі – АСТАНА-1 интеграцияланған кедендік компонентін енгізу кедендік рәсімдерді оңтайландыруға және Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметіне қатысушылардың әкімшілік және уақыттық шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді. АСТАНА-1 жүйесі барлық кедендік рәсімдер мен операцияларды қамтитын болады және ҚР ҚМ МКК салықтық деректер базасымен ықпалдасады, сондай-ақ ҚР-ның басқа да мемлекеттік органдарымен ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асырады.

«АСТАНА-1» АЖ-да барлық кедендік процесске автоматтандырылған бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігі қосылған бірқатар ерекшеліктер бар. «АСТАНА-1» АЖ-да тәуекелдер болмаған кезде тауарларға арналған декларация автоматты түрде шығарылады.  Қалай болады және қалай болды, өзге де маңызы сәтті көрсететін елеулі айырмашылық – жүйе пайдаланушыға мүлде тегін ұсынылады. Бұдан бөлек, декларант офистан шықпай барлық кедендік операцияларды жүргізуі мүмкін – оған тек Интернетке рұқсат болса болды. Арасындағы айқын артықшылықтар – транзиттік декларацияға одан әрі қайта құрылатын алдын ала ақпараттандыруды қалыптастыру мүмкіндігі. Тағайындалған пунктке тауарлар келгеннен кейін ол электрондық құжатты сақтауды қалыптастыру кезінде ескеріледі, бұл өз кезегінде тауарларға арналған декларацияны қалыптастыру кезінде автоматты пайдаланылады.

АСТАНА-1 АЖ-ның артықшылықтары:

- бірыңғай технологиялық платформада барлық процестерді ықпалдастыру;

- деректерді енгізу мен өңдеуге арналған уақытты қысқарту – ИКТ мен ФЛБ;

- бизнес-процестер мен е-құжаттар форматын оңтайландыру;

- тәуекел және пост-аудит басқармасын жетілдіру;

- төлемдерді есептеу, өндіру мен есебін автоматизациялау;

- мониторинг, есептер және нақты уақыттағы статистика;

- басқа да жүйелермен өзара іс-қимыл (БСАЖ, ИКПП, ЕАЭО және т.б.)

Бұрынғы қолданыстағы бағдарламадан өзгешелігі, жаңа формат тек автоматты тіркелуге ғана емес, сондай-ақ жасыл дәліз бойынша декларацияны автоматты шығаруға мүмкіндік береді, бұл СЭҚҚ мен кедендік ресімдеуші маманның арасындағы тікелей байланысты іс жүзінде болмауға мүмкіндік береді. Жасыл дәліз бойынша декларацияны өңдеуге және шығаруға арналған уақыт 1 минуттан аспайды. Бұрын осыған ұқсас экспорттық рәсімдерге 55 минут кететін, әрі сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар жеке кеден органына келуі қажет болатын.  

Қайнар көзі: kgd.gov.kz

Желілерде бөлісу:

  • 6761