ҚҰРМЕТТІ МАҢҒЫСТАУЛЫҚТАР!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын.

Ата Заң күні—мемлекеттің ең басты мерекесі. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жүргізіп отырған дана және сындарлы саясатының арқасында 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған біздің Конституциямыз қоғамның дамуына жағдай жасады, біздің елімізде біртұтас Қазақстан халқын құрап, тұрып жатқан барлық этникалық топтар өкілдерінің тең құқықтылығы қамтамасыз етілді.

Қазақстанның Негізгі заңының қабылдануы Тәуелсіз мемлекет тарихындағы маңызды кезең болды. Бұл азаматтық келісімді, бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтап қалуға, сондай-ақ дәйекті саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді жүзеге асыруға сенімді негіз болды.

Бүгінде Қазақстан өзін әлемдік деңгейде ашық жариялады. Бұған қазір өтіп жатқан «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі мысал бола алады. Бұл Қазақстанның инновациялық мүмкіндіктері мен үлкен технологиялық әлеуетін тағы да бір рет айқындады. Бүгінгі күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасында көрсетілген даму басымдықтары нақты айқындалып, соның арқасында біз қоғамдық сананы жаңғырту және еліміздің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін салаларды қалыптастыру арқылы ұлттық құндылықтарымызды еселей аламыз. Бүгінде бүкіл Қазақстан халқы жаңғырту, инновациялық индустрияландыру және болашақ технологиялық серпіліс идеясы маңына топтасқан.

Конституция әлеуметтік дамудың демократиялық принциптерін нығайтудың кепіліне айналды. Конституция әр қазақстандыққа жеке бастамашылдық пен шығармашылығын жүзеге асыру үшін мүмкіндіктер береді. Сондықтан біздің ортақ мақсатымыз - қазіргі заманғы жоғары дамыған экономикасы бар тұрақты, құқықтық, демократиялық мемлекетті қалыптастыру, Республиканың Негізгі заңында белгіленген ұлттық құндылықтарды құрметтеу және сақтау.

Ата Заңымызда жарияланған қағидаттарды басшылыққа ала отырып, біз мемлекетіміздің басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясатын сенімді түрде жүзеге асырамыз, ұлттық мәдениетті сақтап, әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесін нығайтамыз.

Құрметті маңғыстаулықтар!

Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Баршаңызға бейбітшілік, бақыт пен игілік тілеймін!

Құрметпен, Маңғыстау облысының әкімі  Ералы ТОҒЖАНОВ. 

Желілерде бөлісу:

  • 5920