ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМДАРҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

 Ағымдағы жылдың 9 ақпанында "Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ басшылығы Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасының, Іскер әйелдер кеңесінің басшылығымен және кәсіпкерлермен "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында тоқыма саласын дамыту және жобаларды орналастыру мәселесі бойынша кездесу өткізді.

Кездесу барысында қызметтің басым түрлерін кеңейту тәртібі, инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін және қаржылық моделін әзірлеу әдіснамасы туралы түсіндірмелер берілді, сапалы және бәсекеге қабілетті өнім шығаруды ескере отырып, жобаны орналастыру туралы шешімді сапалы түрде қабылдау қажеттілігі айтылды.

Бұл кездесу АЭА қызметінің басым түрлерін кеңейту туралы орталық уәкілетті органға ұсыныстар енгізу алдындағы қорытынды кездесу болып табылады. Кездесу қорытындысы бойынша кәсіпкерлермен одан әрі ынтымақтастық туралы 11 меморандумға қол қойылды.

Қайнар көзі: "Ақтау Теңіз порты" АЭА" АҚ баспасөз қызметі.

 

Желілерде бөлісу:

  • 5147