"Ақтау теңізпорты" арнайы экономикалық аймағында болат құбырларын шығаратын жаңа зауыт ашылды

 

Бүгін "Ақтау теңізпорты" арнайы экономикалық аймағында жаңа зауыт ашылды. Қазақстандағы алғашқы премиум санатты болат құбырларды өндіретін зауыттың жұмысымен танысуға Қазақстанның энергетика министрінің орынбасары Мағзум Мырзағалиев арнайы келді. Жаңа зауыттың ашылуына шетелдік және Қазақстандық мұнай компанияларының өкілдері қатысты. Бұл елімізде баламасы жоқ зауыт. Итальяндық Тенарис компаниясы зауыттың құрылысына 12 млрд теңге инвестиция құйған. Бұл өңірдің экономикалық дамуына жаңа серпін береді. 

Қазіргі таңда зауыт Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг және ТенгизШевроил мұнай компаниялармен ұзақ уақытқа келісімге отырған. Тенарис компаниясы  бұл кен орындарды 100 пайыз болат құбырлармен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, зауыт  өнімдерін экспортқа да шығармақ.

Паоло Рокка - "Тенарис" компаниясының басқарма төрағасы

Тенарис компаниясы Қазақстандағы премиум санаттағы болат құбырларды шығаратын жалғыз зауыт. Бұл зауыттың Маңыстау өңірінде ашылуының өзіндік себебі бар. Бастысы өңірдің  географиялық орналасуы. Бір жағынан  бұл зауыт жергілікті мұнай компаниялары мен кен орындарына ыңғайлы. Енді  қажетті құбырларды жақын жерден алуға мүмкіндік бар. Сонымен қатар, біз  өнімнің бір бөлігін шетелге шығаруды жоспарлап отырмыз.

Жаңа зауыттың ашылуы Маңғыстау облысының экономикалық әлеуетін арттыруға септігін тигізеді. Өңірге инвестиция  тартылды, жаңа жұмыс орындары ашылды. Зауыттың маңыздылығын энергетика вице-министрі де атап өтті.

Мағзум Мырзағалиев- ҚР энергетика министрінің орынбасары

Бұл күн тек Маңғыстау облысы үшін ғана емес, Қазақстан үшін де маңызды күн болып табылады. Аз уақыттың ішінде Тенарис компаниясы су жаңа зауытты іске қосып отыр. Бұл Маңғыстау облысы үшін үлкен көрсеткіш. Және арнайы экономикалық аймақ үшін де үлкен көрсеткіш екені белгілі.  Бұл  Қазақстанның индустиалды- инновациялық саясатының дұрыс жүргізіліп жатқанының дәлелі. 

Зауыт қызметкерлерінің 95 пайызы жергілікті мамандар. Олардың бірі, Үсен Қуандықов. Жаңа зауытта еңбек ету үшін - Румынияда 3 ай арнайы курстан өтіп келген. Қазір зауыттың құбырлар кесіндісіне жауапты. Зауыт толықтай автоматтандырылғандықтан, жұмыс жасау да жеңілірек дейді,- Үсен.

Үсен Қуандықов-  зауыт қызметкері

Зауыт қуаттылығы жылына 45 мың тонна. Премиум санатты болат құбырлар шығаратын зауыт толықтай  заманға сай етіп салынған. Ол үшін компания 12 млрд теңге қаржы құйған. Бұл өңірдің индустриалды-инновациялық дамуына үлесін қосып отыр. Компания зауытты толықтай өз қаржысына салғанымен, үкімет тарапынан да қолдау тапқан.

Нұрбек Қарасаев - МО индустриалдық -инновациялық даму басқармасының басшысы

Жаңа зауыттың жұмысымен танысып қайтқан энергетика вице-министрі зауыт жұмысына оң бағасын берді. Компания алдағы уақытта басқа да жергілікті мұнай кен орындарымен жұмыс жасауға дайын. Және Қазақстан нарығын премиум санатты болат құбырлармен толық қамтамасыз етпек. 

Қайнар көзі: mangystautv.kz

 

 

 

 

 

Желілерде бөлісу:

  • 3222