МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ Ж.Ғ.ҚАРАҒАЕВ БАСТАҒАН МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ЖАҺАНДЫҚ ИНВЕСТИЦИЯ БОЙЫНША ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ (KGIR-2023) ҚАТЫСТЫ

Ағымдағы жылдың 17 қарашасында Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ж.Ғ.Қарағаев бастаған Маңғыстау облысының делегациясы Жаһандық инвестиция бойынша Қазақстандық дөңгелек үстелге (KGIR-2023) қатысты.

Іс-шараға жетекші халықаралық компаниялар мен отандық бизнестің 500-ден астам өкілдері, инвесторлар, беделді сарапшылар мен қоғамдық пікір көшбасшылары қатысты.

Қазақстан тарапынан министрліктердің басшылары, квазимемлекеттік компаниялардың басшылары, сондай-ақ отандық бизнес өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде аймақтың тұрақты өсуіне инвестиция салу мәселесі қаралды. Қатысушылар Қазақстан өңірлерінің инвестициялық мүмкіндіктерін, көлік әлеуетін, логистикалық қызметтердің жаңа спектрін, заманауи тұрақты өндірісті, экспорттық әлеуетті кеңейтуді, инновациялық технологияларды, озық технологияларға инвестиция құю мәселесі талқылады. Сондай-ақ шара аясында инвесторлар арасында үздік компанияларды тану және марапаттау өтті.

“Ақтау теңіз порты” АЭА” АҚ баспасөз қызметі 

Желілерде бөлісу:

  • 811