2023 жылғы 13 мамырда Маңғыстау облысына Kronospan компаниясының коммерциялық директоры Томаш Яньчак пен компанияның Қазақстандағы өкілі Екатерина Рабизова бастаған делегация келді.

2023 жылғы 13 мамырда Маңғыстау облысына Kronospan компаниясының коммерциялық директоры Томаш Яньчак пен компанияның Қазақстандағы өкілі Екатерина Рабизова бастаған делегация келді. Сапар барысында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Р.Б. Бектемірмен кездесу өтіп, оның барысында екіжақты ынтымақтастық перспективалары мен "Ламинатталған ағаш-жоңқа тақтасын өндіру" жобасын одан әрі іске асыру жоспарлары талқыланды. Сонымен қатар делегация "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында жобаны орналастыру үшін әлеуетті алаңға барды, "Ақтау теңіз порты "АЭА" АҚ Басқарма төрағасы А.Т. Қабашев АЭА-ның қызметімен және оны дамыту жоспарларымен таныстырды. Сапар қорытындысы бойынша одан әрі ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізілді.

Анықтама: Әлеуетті инвестормен сапар туралы келісімге ағымдағы жылдың сәуір айында Мәскеу қаласында және Астана қаласында 2023 жылғы 10-12 мамырда өткен Қазақстан машина жасаушыларының XI форумының қорытындысы бойынша қол жеткізілді. Kronospan компаниясы 1897 жылы австриялық отбасылық кәсіпорын ретінде құрылған, Жиһаз және құрылыс салаларына арналған тақтайша өнімдерін, оның ішінде ДСП және ЛДСП, МДФ және ЛМДФ, ХДФ, ЛХДФ, еден жабындары, ОСБ, фанера шығаратын әлемдегі ең ірі кәсіпорындардың бірі. Kronospan бүкіл әлем бойынша 53 өндірістік алаңға ие, 125 елге өнім жеткізеді, компанияның кәсіпорындарында 18 000-нан астам қызметкер жұмыс істейді.

"Ақтау теңіз порты" АҚ Баспасөз қызметі. 

Желілерде бөлісу:

  • 1407