2023 жылғы 28 наурызда «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағына Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы А. Т. Зебешев бастаған делегация келді.

2023 жылғы 28 наурызда «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағына Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы А. Т. Зебешев бастаған делегация келді.

Кездесу барысында «Ақтау теңіз порты» АЭА» АҚ Басқарма Төрағасы А. Т. Қабашев арнайы экономикалық аймақты одан әрі дамыту жөніндегі ағымдағы қызметпен және жоспарларымен, сондай-ақ «WestEcoPlast» ЖШС (жұмсақ қаптама ыдысын-биг-бэг өндіретін зауыт, жобаның құны 1,1 млрд. теңге) және «EVEREST TECHNO» ЖШС (сорғы штангалары мен оларға муфталар шығаратын зауыт, жобаның құны 14,2 млрд.теңге) АЭА қатысушыларының объектілеріне барумен инвестициялық жобаларды іске асыру барысымен таныстырды.

Өз тарапынан ҚР СІМ Инвестициялар комитетінің төрағасы А.Т. Әбішев Инвестициялар комитеті жүзеге асыратын мемлекеттік қолдау шаралары мен іс-шараларын атап өтіп, инвесторларды қолдаудың барлық құрылымдары мен институттарының тиімді ынтымақтастығы қажеттігін атап өтті.

Кездесуге «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басшылығы мен өкілдері, Kazakhstan Investment Development Fund қызметкерлері, Маңғыстау облысының индустриалық-инновациялық даму басқармасының басшылығы қатысты.

Кездесу қорытындысы бойынша одан әрі ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізілді.

«Ақтау теңіз порты» АЭА» АҚ баспасөз қызметі. 

Желілерде бөлісу:

  • 1210