2023 жылғы 5 мамырда «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағына АЭА аумағында іске асырылатын жобаларға мониторинг жүргізу мақсатында Маңғыстау облысының индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшылығы келді

2023 жылғы 5 мамырда «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағына АЭА аумағында іске асырылатын жобаларға мониторинг жүргізу мақсатында Маңғыстау облысының индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшылығы келді @mangystau_invest.

Сапар барысында АЭА қатысушылары «Медикал Фарм Ча-Кур» ЖШС-нің медициналық мақсаттағы бұйымдардың сұйық дәрілік нысандарын шығару жөніндегі фармацевтикалық кешені және «Ақтау ЭнергоМаш» ЖШС-нің трансформаторлар мен кабельдер өндіру зауытының жағдайына мониторинг жүргізілді.

Сонымен қатар, аталған жобалардың жетекшілерімен кездесу өткізіліп, ағымдағы жағдайлары мен одан әрі дамыту жоспарлары талқыланды.

АЭА жобаларына мониторинг жүргізу, жобаларды іске асырудың барлық кезеңдерін егжей-тегжейлі зерделеу және талдау арқылы тұрақты түрде жүзеге асырылып тұрады.

«Ақтау теңіз порты» АЭА» АҚ баспасөз қызметі. 

Желілерде бөлісу:

  • 1446