21 ЖЕЛТОҚСАН КҮНІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ӨКІЛДЕРІ ЖӘНЕ "АҚТАУ ТЕҢІЗ ПОРТЫ" АЭА ҚАТЫСУШЫЛАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН КЕҢЕС ӨТТІ

 

Кездесу барысында келесі тақырыптар талқыланды: 2012 жылға дейін тіркелген АЭА қатысушыларының 2017 ж. 1 қаңтардан бастап ережесі; Кедендік одақтың аумағында/одан тыс сатып алынған тауарлардың декларациялау рәсімі; жергілікті/шетелдік шикізаттан дайындалған түпкілікті өнімнің декларациялау рәсімі; АЭА аумағына өнім берушіге ҚҚС қайтару механизмі; 2017 жылғы 1 қаңтардан кейін «СТ-КZ» үлгісіндегі сертификаттың мәртебесі.

Кедендік рәсімдеу маманы, "Морпорт" Кеден бекетінен Е.В. Рзаханова АЭА аумағында көзделген кедендік рәсімдерді өтуге қатысты сұрақтар бойынша толық түсініктеме берді. Сондай-ақ, кеңес шеңберінде "Ақтау теңіз порты" АЭА жобаларының өкілдері тыңдалды және кедендік рәсімдерді өту кезіндегі бірқатар тежеуші факторлар анықталды.

Атап өту керек, бүгінгі таңда "Ақтау теңіз порты" АЭА Басқару Органы – инвесторлар туындаған сұрақтарын мемлекеттік органдарының кәсіпорындарымен талқылай алатын, сұхбат алаңын құру мақсатында, осындай іс-шараларды  тұрақты негізде ұйымдастырады. Бұл сұхбат алаңы, әкімшілік кедергілерді азайтуға және тараптар арасындағы түсініспеушілікті жоюға мүмкіндік береді. 


Желілерде бөлісу:

  • 2823