АЭА АУМАҒЫНА МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ Б. Т. ОРЫНБАСАРОВТЫҢ ЖӘНЕ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ В. Т. МҰСТАПАЕВАНЫҢ САПАРЫ ӨТТІ

Бүгін АЭА аумағына Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Б. Т. Орынбасаровтың және Маңғыстау облысының Инвестициялар және туризмді дамыту басқармасының басшысы В. Т. Мұстапаеваның сапары өтті. Кездесу барысында АЭА қатысушыларының «Chem-Invest Export» ЖШС, «KazEcoBuild» ЖШС, «Достық Полимер Плюс» ЖШС, «WestEcoPlast» ЖШС, «Everest Techno» ЖШС нысандарын аралады. АЭА қатысушылары құрылыс-монтаж жұмыстарының барысымен, жобаларды одан әрі дамыту жоспарларымен таныстырды. Кездесу қорытындысы бойынша «Ақтау теңіз порты» АЭА» АҚ басқарушы компаниясының басшылығына бірқатар  тапсырмалар берілді.

«Ақтау теңіз порты» АЭА» АҚ баспасөз қызметі.

Желілерде бөлісу:

  • 1790