АҚТАУДА МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ МЕН ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР КЕҢЕСІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН КЕҢЕС ӨТТІ

 Ағымдағы жылдың 21 желтоқсанында "Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Кенбеилов Б.М. Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы мен Іскер әйелдер кеңесінің ұйымдастыруымен өткен жиналысқа қатысты. Жиналыс барысында Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың және өңір басшылығының өңірде және "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында жеңіл өнеркәсіпті, оның ішінде тоқыма кластерін дамыту жөніндегі тапсырмаларын іске асырудың тәжірибелік шаралары айқындалды. Әлеуметтік-экономикалық тиімділікті қамтамасыз етудің маңыздылығы, ішкі қажеттіліктер мен экспортты жабуға бағытталған бәсекеге қабілетті тоқыма өнімдерін шығару қажеттілігі атап өтілді. Бұдан басқа, Маңғыстау облысы делегациясының "Оңтүстік" АЭА (Шымкент қ.) аумағындағы жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарына бару қорытындылары шығарылды. АЭА қызметінің басым түрлерін кеңейту туралы орталық уәкілетті органға ұсыныстар енгізу 2022 жылдың бірінші тоқсанында жоспарланған.

Қайнар көзі: "Ақтау Теңіз порты" АЭА" АҚ баспасөз қызметі.

 

Желілерде бөлісу:

  • 2202